Қазақстан чемпионаты бес матчпен жалғасады.
«Номад» пен «Бейбарысқа» жеңімпазды анықтау үшін тағы да негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Негізгі уақытта есеп дәл кешегідей 4:4 есебімен аяқталды. Бір қызығы, атыраулықтар финалдық ысқырыққа 14 секунд қалғанда есеп теңестірді. Ал овертаймда қонақтарға Алексей Клочковтың дөп соққысы жеңіс әкелді. «Көшпенділер» құрамынан Всеволод Логвин дубль жасады.
«Номад» - «Бейбарыс» 4:5 (2:0, 1:1, 1:3, 0:1)
1:0 - 04:14 - Бойко (Пелевин, Гатиятов) ГБ
2:0 - 16:55 - Муканов (Недилько, Бояркин)
2:1 - 20:53 - Воробьев (Джиг)
3:1 - 30:24 - Логвин (Никитин, Оспанов)
3:2 - 46:32 - Гатин (Кунишников, Грачев) ГБ
3:3 - 47:40 - Дыньков (Гринь) ГБ
4:3 - 50:31 - Логвин (Оспанов, Кайыржан)
4:4 - 59:46 - Кунишников (Степанов, Арбузов)
4:5 - 60:21 - Клочков (Дыньков, Воробьев)
Қақпашылар: Бояркин - Калмыков
«Сарыарқа» чемпионаттың басындағы есеңгіреуден кейін ес жия бастады. Бүгін қарағандылықтар нәтижелі жекпе-жекте «Ақтөбені» жеңіп, қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Алаң иелері құрамынан Глеб Зайцев дубль жасады. «Ақтөбе» құрамынан екі дөп соққы Сергей Юдинге тиесілі.
«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 8:4 (1:0, 3:2, 4:2)
1:0 - 07:34 - Баженов (Зайцев, Грязев)
1:1 - 23:13 - Кучин
2:1 - 28:11 - Зайцев (Григоренко, Фазлеев) ГБ
2:2 - 32:27 - Исмагилов (Кучин, Беляев)
3:2 - 35:31 - Дёмин (Баженов, Грязев) ГБ
4:2 - 37:29 - Фазлеев (Симонов, Григоренко)
5:2 - 42:17 - Пономарёв
6:2 - 45:05 - Кнауб (Дербенёв, Баженов) ГБ
7:2 - 49:37 - Григоренко (Апальков)
8:2 - 50:44 - Зайцев (Дёмин, Дербенёв)
8:3 - 55:13 - Юдин (Митряков, Абдрашитов)
8:4 - 58:34 - Юдин (Абдрашитов)
Қақпашылар: Каратаев (Коваль, 50:44-60:00) - Насыров (Костюков, 42:17-60:00)
«Горняк» өскемендіктердің мінез көрсетіп, сәтсіз өткен екінші кезеңінен кейін қарсыласты қуып жеткеніне қарамастан, «Торпедодан» қарымта қайтарды. Дегенмен кездесудің нүктесін қонақтар қойды. Рудныйлықтар үшін жеңіс шайбасының авторы – Данила Платонов.
«Торпедо» - «Горняк» 3:4 (0:0, 1:3, 2:1)
0:1 - 20:47 - Захаров (Садиков, Платонов) ГБ
0:2 - 22:13 - Галимов (Кротов, Юлбарисов) ГБ
1:2 - 24:53 - Кизекпаев (Быков)
1:3 - 34:02 - Буб (Шарипов, Кротов)
2:3 - 40:54 - Данияр (Тунхузин, Архипов) ГБ
3:3 - 41:25 - Злобин (Архипов, Лагунов)
3:4 - 52:14 - Платонов (Захаров, Канашев)
Қақпашылар: Осокин - Нурек
«Хумо» «Құлагермен» бірінші жекпе-жекте аса бір қиындыққа ұшыраған жоқ. Бірінші кезеңде-ақ петропавлдықтардың қақпасына жауапсыз үш шайба аттанды. Әрі қарай қонақтардың үстемдігі барған сайын арта берді.
«Құлагер» - «Хумо» 1:8 (0:3, 1:3, 0:2)
0:1 - 02:17 - Назаревич (Козловский, Зайцев)
0:2 - 07:45 - Фищенко (Синявский)
0:3 - 15:10 - Зайцев (Назаревич) ГБ
1:3 - 26:28 - Бейсембиев (Штайгер, Дзедаев)
1:4 - 29:00 - Мальцев (Зайцев)
1:5 - 32:20 - Свинцицкий
1:6 - 35:21 - Расулов (Дорофеев, Свинцицкий)
1:7 - 43:36 - Дорофеев
1:8 - 54:20 - Кравченко (Дорофеев, Свинцицкий)
Қақпашылар: Новицкий (Осипов, 15:10-60:00) - Шаймарданов (Чубенко, 40:00 - 60:00)
«Арлан» «Алматыны» ойсырата жеңіп, чемпионат басталысымен қатарынан тоғызыншы жеңіске жетті. Ал оңтүстікастаналық ұжым, керісінше, соңғы бес матчтың біреуінде жеңіске жетті. Ойында екінші кезең шешуші болып, көкшетаулық хоккейшілер бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Данила Карабань дубль жасады.
«Арлан» - «Алматы» 7:1 (2:0, 5:1, 0:0)
1:0 - 05:05 - Курдин (Свинтальский, Сиксна)
2:0 - 18:31 - Буяльский (Пархоменко)
3:0 - 20:17 - Боровиков (Оксентюк, Сиксна)
3:1 - 22:24 - Айдуков (Басимов)
4:1 - 23:31 - Карабань (Лихотников, Павленко)
5:1 - 26:31 - Карабань (Михайлов, Свинтальский)
6:1 - 30:51 - Пархоменко (Буяльский)
7:1 - 33:52 - Железнов (Буяльский)
Қақпашылар: Мейдер (Шефер, 26:31-60:00) - Нефедов (Колесников, 26:31-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.