Алматының Петропавлдағы қарымтасы, Арлан мен Хумо тағы да овертаймға кетті

5 qazan
652

Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Алматы» «Құлагермен» екінші кездесудің бастапқы кезеңін жақсы өткізіп, екі балл алды. Өзін тағы да оңтүстікастаналық ұжымның үздік бомбардирі Сергей Твердохлебов жақсы жағынан көрсетті. Осы жеңісінің арқасында «Алматы» турнир кестесінде алтыншы орынға шықты.

«Құлагер» - «Алматы» 2:4 (0:2, 1:1, 1:1)

0:1 - 14:49 - Твердохлебов (Кожевников, Машинец) ГБ

0:2 - 19:22 - Твердохлебов (Кожевников, Бурделёв) ГБ

1:2 - 23:47 - Орехин (Черевач, Сергушкин) ГБ

1:3 - 24:42 - Петросян (Казаманов)

1:4 - 41:25 - Андрусенко (Хоменко)

2:4 - 54:52 - Хамматов (Рыжий, Шульга)

Қақпашылар: Кадочников (Осипов, 53:34-60:00) - Колесников

«Арлан» мен «Хумо» нағыз атыспақ ойнап, негізгі уақыттан тыс шықты. Кездесу барысында Вадим Кравченко дубль жасады, ал алаң иелері екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды. Овертаймда ташкенттіктер қақпашының орнына төртінші алаң ойыншысын шығарып, қарсы аймақта бекуге тырысты. Алайда айлалары іске аспады. Евгений Оксентюк алыстан көздеп, қонақтардың бос қақпасына шайба дарытты. Осылайша, екінші күн қатарынан «Арлан» үшін жеңіс голының авторы атанды.

«Арлан» - «Хумо» 4:3 ОТ (0:1, 2:2, 1:0, 1:0)

0:1 - 17:54 - Кравченко

1:1 - 23:27 - Дюкарев (Железнов)

1:2 - 25:32 - Назаревич ГБ

1:3 - 26:37 - Кравченко (Назаревич, Жилов) ГБ

2:3 - 30:53 - Свинтальский (Сиксна, Лихотников)

3:3 - 47:36 - Гренц (Михайлов, Дюкарев)

4:3 - 61:01 - Оксентюк (Гренц) ПВ

Қақпашылар: Ахметов - Шаймарданов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.