Арлан Хумоны маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты, Павлодардағы буллиттер

4 qazan
1220

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасады.

«Ертіс» пен «Горняк» екінші матчта жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Павлодалықтарға екі балды Диас Атахановтың шешуші соққысы, сондай-ақ қақпашы Никита Акулининнің 32 сейві сыйлады.

«Ертіс» - «Горняк» 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 03:44 - Захаров

1:1 - 38:24 - Тесленко (Власкин, Кузык)

2:1 - 65:00 - Атаханов ПБ

Қақпашылар: Акулинин - Нурек

«Құлагер» маусымдағы алғашқы үй матчында жеңіске жетті. Бүгін Ильгиз Нуриевтің ойыншылары нәтижелі жекпе-жекте «Алматыны» жеңді. Алаң иелері құрамынан Евгений Лызин дубль жасады, шешуші шайбаның да авторы өзі болды.

«Құлагер» - «Алматы» 4:3 (2:0, 1:1, 1:2)

1:0 - 05:21 - Своеволин (Черевач, Хамматов)

2:0 - 13:08 - Лызин (Рябоконов)

2:1 - 21:53 - Кожевников (Скоробогатов, Бурделёв) ГБ

3:1 - 24:46 - Закарлюкин (Сергушкин)

3:2 - 40:55 - Кожевников (Бурделёв)

4:2 - 42:24 - Лызин (Шульга, Дзедаев) ГБ

4:3 - 53:50 - Твердохлебов (Машинец) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Колесников

«Арлан» «Хумоны» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратып, өзінің жеңіс сериясын жеті матчқа дейін ұзартты. Көкшетаудағы кездесу овертаймда аяқталды. Онда ташкенттіктер негізгі уақыттағы жеңілістен үшінші кезеңнің аяқталуына 41 секунд қалғанда құтылды. Қосымша бес минутта алаң иелеріне екі балды Евгений Оксентюк әкелді. Осылайша, «көкшеліктер» биылғы чемпионатта бір де бір рет жеңілмеген жалғыз команда болып отыр.

«Арлан» - «Хумо» 3:2 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 1:0)

1:0 - 10:04 - Сиксна (Дюкарев, Оксентюк)

1:1 - 24:09 - Жилов (Зайцев, Назаревич) ГБ

2:1 - 55:19 - Боровиков (Волков, Преснов)

2:2 - 59:20 - Фищенко (Сорокин, Щегольков)

3:2 - 61:00 - Оксентюк (Гренц)

Қақпашылар: Ахметов - Шаймарданов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.