Ертістің сегізінші жеңілісі, Бейбарыс пен Ақтөбе буллитке жетті

3 qazan
592

Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында үш кездесу өтті.

«Сарыарқа» Астанадан төрт балмен қайтты. Бүгін қарағандылықтар бірінші кезеңде-ақ жеңістен үмітті екенін байқатты және әрі қарай ойын барысын өз бақылауында ұстады. Даниил Апальков тағы да мұз бетінен шайба салмай кетпеді. Қонақтардың қақпашысы Денис Каратаев қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Сарыарқа» 3:5 (0:2, 1:1, 2:2)

0:1 - 06:11 - Апальков (Цветков, Григоренко)

0:2 - 09:47 - Кнауб ГМ

1:2 - 29:12 - Колобов (Бойко, Гатиятов)

1:3 - 30:10 - Семёнов (Баженов)

1:4 - 41:05 - Фазлеев (Апальков)

1:5 - 44:17 - Баженов (Зайцев)

2:5 - 50:41 - Цыбин

3:5 - 55:06 - Шетле (Александров) ГМ

Қақпашылар: Амирбеков - Каратаев

Павлодарлықтар «Горнякпен» бастапқы кезеңді жақсы өткізді. Алайда әрі қарай рудныйлықтар бақылауды өз қолына алып, жеңіске жете алды. Қонақтар құрамынан Денис Скатов дубль жасады, Оскар Юлбарисов командаластарына үш рет пас берді. «Ертіс» үшін бұл – қатарынан сегізінші жеңіліс.

«Ертіс» - «Горняк» 2:5 (2:1, 0:2, 0:2)

0:1 - 03:02 - Селютин (Катков, Ляпунов)

1:1 - 04:57 - Севанькаев (Тесленко, Васильев) ГМ

2:1 - 08:58 - Кураков (Билимбаев, Гостюшев)

2:2 - 23:53 - Скатов (Юлбарисов, Ханьжин) ГБ

2:3 - 33:44 - Скатов (Юлбарисов, Галимов)

2:4 - 40:52 - Ханьжин (Галимов, Юлбарисов) ГБ

2:5 - 59:54 - Шарипов (Гурьев) ПВ

Қақпашылар: Нечвиенко (Акулинин, 40:00-60:00) - Нурек

«Бейбарыс» пен «Ақтөбенің» екінші кездесуінде командаларға жеңімпазды анықтау үшін буллиттер сериясы қажет болды. Бүгін атыраулық ұжым жеңіске жетті: оның құрамында Алексей Клочков дубль жасады. Шешуші соққының авторы – Александр Воробьев.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 4:3 Б (0:0, 2:1, 1:2, 0:0)

1:0 - 35:20 - Александров (Пиниди, Волгин)

2:0 - 36:20 - Клочков (Джиг, Кутугин)

2:1 - 38:00 - Беляев (Абдрашитов)

2:2 - 41:15 - Кучин (Коев, Гайсин) ГБ

2:3 - 49:08 - Плотников

3:3 - 56:53 - Клочков (Александров, Дыньков)

4:3 - 65:00 – Воробьев ПБ

Қақпашылар: Калмыков - Ершов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.