Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.
«Сарыарқа» 12 кезеңнен астам шайба өткізбеген «Номад» қақпашысы Джелал-ад-Дин Амирбековтің таңғажайып сериясын үзді. Голкипердің «құрғақ» сериясын 261 минут 13 секундта кездесудің ортасына қарай есеп теңестірген Данил Апальков тоқтатты. Шешуші сәт соңғы кезеңнің басында, Филипп Кнауб елордалық жанкүйерлерді екінші рет састырғанда орын алды. Осылайша, «көшпенділер» қатарынан келген сегіз жеңістен кейін жеңіліс дәмін татты.
«Номад» - «Сарыарқа» 1:3 (1:0, 0:1, 0:2)
1:0 - 12:08 - Недилько (Пелевин) ГБ
1:1 - 30:54 - Апальков (Цветков, Григоренко)
1:2 - 41:31 - Кнауб
1:3 - 59:26 - Фазлеев ПВ
Қақпашылар: Амирбеков - Каратаев
Маусымның алғашқы батыстық тартысында «Бейбарыс» басым түсті. Атыраулықтар өз алаңында әрбір кезеңде бір голдан ұйымдастырып, қорғаныста айтарлықтай мығым ойнады. Жеңіс шайбасының авторы – Владислав Сайко. Алаң иелерінің қақпашысы Роман Калмыков қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді.
«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)
1:0 - 09:13 - Ершов (Воробьев, Клочков) ГМ
1:1 - 18:20 - Плотников (Комаров, Абянов)
2:1 - 36:38 - Сайко (Джиг, Пивунов)
3:1 - 59:42 - Кунишников (Александров, Степанов) ПВ
Қақпашылар: Калмыков - Насыров
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.