Қазақстан чемпионатының ойын күні бес матчтан тұрды.
Шығысқазақстандық көршілердің алғашқы кездесуінде «торпедолықтар» жеңіске жетті. «Ертістің» ұпай алуға бар мүмкіндігі болды, алайда матч соңында алаң иелерінің тәжірибесі алға шықты. Жеңіс шайбасының авторы Андрей Лагунов.
«Торпедо» - «Ертіс» 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)
1:0 - 17:03 - Тунхузин (Олендаренко, Шин) ГБ
2:0 - 32:20 - Рысбеков (Олендаренко, Тютюньков)
2:1 - 32:52 - Севанькаев (Билимбаев)
3:1 - 39:27 - Лагунов (Панченко, Громов)
3:2 - 43:56 - Власкин (Расулов)
4:2 - 46:47 - Архипов (Громов, Шин)
5:2 - 57:54 - Быков (Петров) ПВ
Қақпашылар: Пестов - Штукерт
«Сарыарқа» бес матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді. Қарағандылықтар түзде «Горнякты» жеңіп, өзінің турнир кестесіндегі жағдайын біршама түзеп алды. Қонақтардың жаңа ойыншылары тамаш матч көрсетті: Даниил Апальков дубль жасап, екі нәтижелі пас берді, ал Радель Фазлеев екі гол салды.
«Горняк» - «Сарыарқа» 3:6 (0:2, 2:2, 1:2)
0:1 - 09:37 - Фазлеев (Апальков, Зайцев) ГБ
0:2 - 18:33 - Баженов (Грязев, Семёнов)
1:2 - 20:41 - Гурьев (Шарипов)
1:3 - 24:52 - Апальков (Семёнов, Зайцев) ГБ
1:4 - 29:19 - Фазлеев (Жульдиков, Апальков)
2:4 - 35:40 - Юлбарисов (Куршук)
2:5 - 44:40 - Апальков (Григоренко)
2:6 - 51:47 - Дёмин (Гусейнов, Королинский)
3:6 - 59:09 - Марқабаев (Шишов, Платонов)
Қақпашылар: Тихонов (Лигай, 51:47-60:00) - Каратаев (Коваль, 56:23-60:00)
«Ақтөбе» Джелал-ад-Дин Амирбековтің қақпасын ала алмады. Амирбеков бүгін «Барысқа» кеткен Никита Бояркиннің орнын жоқтатпады. «Көшпенділердің» қақпашысы қақпаға бағытталған 35 соққының барлығына тойтарыс берді. Алаң ойыншылары оған бес шайба салып көмектесті. Олег Бойко қарсыласты екі рет састырды. Елордалық ұжым қатарынан алтыншы рет жеңіске жетті.
«Ақтөбе» - «Номад» 0:5 (0:0, 0:3, 0:2)
0:1 - 23:48 - Бойко (Колобов, Недилько)
0:2 - 37:41 - Муканов (Цыбин, Колесников)
0:3 - 38:28 - Шульга (Шетле, Оспанов)
0:4 - 52:43 - Бойко (Гатиятов, Колобов) ГБ
0:5 - 53:26 - Никитин (Александров, Оспанов)
Вратари: Микушин (Ершов, 38:28-60:00) - Амирбеков
Екі байырғы қарсыластың алғашқы жекпе-жегінде «Арлан» басым түсті, ол «Бейбарыстан» жеңісті овертаймда жұлып әкетті.
В первой битве двух принципиальных соперников сильнее оказался «Арлан», который вырвал у «Бейбарыса» победу в овертайме. Главным героем встречи стал форвард гостей Данила Карабань, который оформил дубль, забросив в том числе и решающую шайбу, и принял участие во всех голах своей команды. Кокшетаусцы подходят к следующему матчу с серией из пяти побед подряд.
«Бейбарыс» - «Арлан» 2:3 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 0:1)
1:0 - 08:35 - Кунишников (Степанов, Елисеенко)
1:1 - 26:47 - Карабань (Оксентюк, Сиксна)
2:1 - 43:18 - Воробьев (Клочков)
2:2 - 52:17 - Лихотников (Карабань, Дюкарев)
2:3 - 63:26 - Карабань (Боровиков, Дюкарев)
Қақпашылар: Калмыков - Ахметов
«Хумо» өз жанкүйерлерін бұрынғыша құрғақ жеңістерімен қуантуда. Вадим Кравченко тағы да дубль жасап, Дамир Шаймарданов тағы да мұздан шайба өткізбестен кетті. Голкипердің есебінде 15 сейв бар. Чемпионат басталғалы бергі тоғыз матчта ташкенттіктер небәрі үш гол өткізді.
«Хумо» - «Алматы» 5:0 (3:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 02:27 - Фищенко (Сорокин) ГБ
2:0 - 04:20 - Кравченко (Болучевский)
3:0 - 09:38 - Дорофеев (Свинцицкий)
4:0 - 32:03 - Кравченко (Зайцев, Козловский) ГБ
5:0 - 51:33 - Синявский (Коннов, Свинцицкий)
Қақпашылар: Шаймарданов - Колесников
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.