Арлан жеңіліссіз келе жатыр, Номад екінші орынға шықты

25 qyrkúıek
1125

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш жекпе-жекпен жалғасуда.

«Номад» тартысты ойында «Горняктан» жеңісті жұлып алды. Шешуші сәт үшінші кезеңнің аяқталуына сәл қалғанда орын алды: Денис Недилько рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нуректің қақпасын бұзды. Кезекті тамаша жекпе-жекті «көшпенділердің» голкипері Никита Бояркин өткізді: қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары қатарынан алтыншы рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде екінші орынға шықты.

«Горняк» - «Номад» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)

0:1 - 24:14 - Гатиятов (Колобов)

1:1 - 37:28 - Гурьев (Шишов, Лазарев)

1:2 - 56:50 - Недилько (Колесников, Цыбин)

Қақпашылар: Нурек - Бояркин

«Арлан» чемпионат басында төртінші рет жеңіске жетті. Бүгін көкшетаулықтар ақтөбелік қарсыласқа Тимур Мейдердің қақпасын финалдық ысқырыққа төрт минут қалғанда алдырды. Қонақтардың голкипері өз есебіне 23 сейв жазды. Дмитрий Гренц дубль жасады. «Көкшеліктер» әзірге бір де бір матчта жеңілмей, турнир кестесінде өрлеп келеді. «Ақтөбе» чемпионат басындағы жақсы кезеңнен кейін қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.

«Ақтөбе» - «Арлан» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)

0:1 - 13:34 - Гренц (Сиксна, Пархоменко) ГБ

0:2 - 23:10 - Гренц (Сиксна, Оксентюк) ГБ

0:3 - 31:09 - Курдин (Железнов, Боровков)

0:4 - 46:35 - Сиксна (Гренц, Оксентюк) ГБ

1:4 - 56:05 - Беляев (Киселёв)

Қақпашылар: Микушин - Мейдер

«Құлагер» Атыраудан балсыз қайтты. «Бейбарысқа» жеңісті Эрик Алдабергеновтің орындауындағы дубль мен Роман Калмыковтың 18 сейві әкелді. Петропавлдықтар маусымның басында әзірге өз ойын өрнегін таба алмай келеді және кубоктік сегіздіктен тыс қалып отыр.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 3:2 (2:1, 1:0, 0:1)

1:0 - 10:08 - Алдабергенов (Кутугин, Дыньков) ГБ

1:1 - 11:02 - Орехин (Сергушкин, Шульга)

2:1 - 17:34 - Ершов (Елисеенко) ГБ

3:1 - 38:49 - Алдабергенов (Клочков, Холькин)

3:2 - 44:28 - Бейсембиев (Поляничев)

Қақпашылар: Калмыков - Селивёрстов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.