Апта ойыншысы – Вадим Кравченко

25 qyrkúıek
920

1xBet Pro Hokei Ligasy-ның үшінші ойын аптасын қорытындылайық.

Өткен кезеңнің ойыншысы болып бір айда екі рет Вадим Кравченко атанып отыр. «Хумо» форварды төрт матчтың үшеуінде ұпай жинады, буллиттер сериясына дейін жеткен бір кездесуде негізгі уақытта итжығыс ойын көрсетті. Өткен аптада ол бір хет-трик пен бір дубль жасады. Жалпы +6 пайдалылық көрсеткішімен 9 (5+4) балл жинады. Ташкенттіктер турнир кестесінде сенімді көш бастап келеді, ал Кравченко бүгінгі таңда 1хBet Pro Hokei Ligasy-ның үздік бомбардирі атанып отыр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.