Торпедо Хумоның жеңіс шеруін бұза алмады, Лихотниковтің дублі Арланға Ақтөбеде жеңіс әкелді

24 qyrkúıek
1075

Хоккейден Қазақстан чемпионатында жексенбіге бес матч жоспарланған.

«Алматы» «Ертісті» тағы да сенімді түрде жеңді. Бүгінгі ойында екінші кезең шешуші болып, павлодарлықтар бес шайба өткізді. Алаң иелерінің форварды Данила Милушкин (1+3) кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды. «Ертіс» қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады.

«Алматы» - «Ертіс» 8:2 (2:1, 5:0, 1:1)

0:1 - 01:28 - Билимбаев (Атаханов, Ганиев) ГБ

1:1 - 01:48 - Баев (Казаманов, Милушкин)

2:1 - 13:46 - Милушкин (Дерзаев) ГБ

3:1 - 25:41 - Хоменко

4:1 - 28:25 - Штефан (Милушкин, Баев) ГБ

5:1 - 33:50 - Милушкин (Дерзаев) ГБ

6:1 - 36:40 - Петрасюк (Казаманов, Потырка)

7:1 - 38:31 - Бурделёв (Хоменко, Твердохлебов)

8:1 - 42:41 - Зуев (Кожевников, Филиппенко) ГБ

8:2 - 50:53 - Расулов (Карпов, Ганиев)

Қақпашылар: Колесников (Рудковский, 48:10-60:00) - Нечвиенко (Акулинин (40:00-60:00)

«Хумо» мен «Торпедоның» екінші жекпе-жегі негізгі уақыттан тыс аяқталды. Никита Свинцицкийдің дөп соққысының арқасында алаң иелері жеңіске жетті. Ташкенттегі екі жеңіліске қарамастан, өскемендіктер кестедегі екінші қатардағы орнын сақтап қалды. «Хумо» – чемпионаттың сөзсіз көшбасшысы.

«Хумо» - «Торпедо» 3:2 ОТ (0:1, 1:0, 1:1, 1:0)

0:1 - 16:40 - Злобин (Шин, Данияр) ГБ

1:1 - 20:24 - Щегольков (Борисов, Синявский)

2:1 - 41:11 - Жилов (Кравченко)

2:2 - 41:47 - Базанов (Кизекпаев, Рифель)

3:2 - 62:53 - Свинцицкий (Назаревич, Кравченко)

Қақпашылар: Шаймарданов - Янков

«Арлан» «Ақтөбеден» жеңісті жұлып әкетті. Ойынның маңызды сәті соңғы кезеңнің ортасына қарай орын алып, қонақтар қатарынан екі артық құрам ұйымдастырды. Қос голдың да авторы – Артём Лихотников. Көкшетаулықтардың қақпашысы Арсений Ахметов қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді. «Арлан» осы жетістігінен кейін жеңіс сериясын үш матчқа жеткізді.

«Ақтөбе» - «Арлан» 1:2 (1:0, 0:0, 0:2)

1:0 - 08:18 - Язьков (Хорошев, Беляев) ГБ

1:1 - 51:26 - Лихотников (Сиксна, Гренц) ГБ

1:2 - 52:17 - Лихотников (Пархоменко, Сиксна) ГБ

Қақпашылар: Насыров - Ахметов

«Құлагер» өзінің жеңіс шеруін жалғастыра алмады. Бүгін петропавлдықтар Атырауда жеңіліске ұшырады. «Бейбарыс» әрбір кезеңде бір нәтижелі шабуылдан жасап, қорғаныста мығым ойнады. Роман Калмыков қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 16:33 - Яковлев (Алдабергенов)

1:1 - 37:05 - Закарлюкин (Сергушкин) ГБ

2:1 - 38:45 - Ершов (Волгин, Гринь)

3:1 - 41:26 - Волгин (Кунишников, Степанов)

Қақпашылар: Калмыков - Новицкий

«Номад» бастапқы сәтсіз турдан кейін қатарынан бесінші матчында жеңіске жетті. Бүгін қазіргі чемпион рудныйлықтардың бірінші үй матчында Станислав Александров пен Александр Пелевиннің дөп соққыларының арқасында «Горняктың» арынын басты. Матчтың басты қаһарманы – қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берген қонақтардың қақпашысы Никита Бояркин. Алаң иелері үшін бұл – қатарынан үшінші жеңіліс.

«Горняк» - «Номад» 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

0:1 - 12:22 - Александров (Шульга, Оспанов)

0:2 - 40:30 - Пелевин (Гатиятов, Колобов) ГБ

1:2 - 55:21 - Юлбарисов (Скатов, Ханьжин)

Қақпашылар: Нурек - Бояркин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.