Құлагер маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

21 qyrkúıek
706

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Ақтөбе» мен «Құлагер» кездесті.

«Ақтөбе» бастапқы кезеңді жақсы өткізіп, Сергей Юдин мен артық құрам ұйымдастырған Дмитрий Исмагиловтың көмегімен қарсыласқа екі шайба дарытты. Алайда петропавлдықтар әрі қарай шайбаны өз бақылауына алып, екінші кезеңде екпіндетіп ойнап, есеп бойынша алға шықты. Екінші жиырма минут ішінде алаң иелерінің қақпасына төрт шайба аттанды. Қонақтар құрамынан Евгений Лызин дубль жасады.

Осылайша, Ильгиз Нуриевтің ойыншылары маусымдағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Бұл ретте «Құлагер» бұл межеге Лига ұжымдарының ішінен ең соңғы болып жетті. «Ақтөбе» үйдегі турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде төртінші орында тұр.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 2:5 (2:0, 0:4, 0:1)

1:0 - 03:09 - Юдин

2:0 - 12:49 - Исмагилов (Хорошев, Попитич) ГБ

2:1 - 20:42 - Дзедаев (Лызин)

2:2 - 25:48 - Потапов (Штайгер, Казаченко) ГБ

2:3 - 26:03 - Сергушкин (Закарлюкин, Поляничев)

2:4 - 39:05 - Лызин (Закарлюкин, Рыжий) ГБ

2:5 - 51:45 - Лызин (Черевач, Коваленко)

Қақпашылар: Микушин (Костюков, 39:05-60:00) - Новицкий


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.