Хумо бесінші құрғақ жеңісіне қол жеткізді, Кравченко хет-трик жасады

21 qyrkúıek
1628

Ташкенттік ұжым Қазақстан чемпионаты басындағы жетістіктерін жалғастырып келеді.

«Хумо» «Ертісті» ойсырата жеңіп, чемпионаттағы бесінші құрғақ жеңісіне қол жеткізді. Павлодарлықтардың қақпасына 51 соққы бағытталып, олардың алтауы нәтижелі болды. Ташкенттіктердің шабуылшысы Вадим Кравченко тамаша нәтижелі серияны көрсеіп келеді. Бүгін оның есебінде хет-трик пен нәтижелі пас беру бар. Соңғы үш кездесуде форвард он (7+3) ұпай жинады. Кезекті құрғақ матчты өз есебіне Дамир Шаймарданов жазды: 22 сейв жасады. Евгений Попихиннің ойыншылары алты матчтың алтауында да жеңіске жетіп, салынған және өткізілген шайбалардың таңғаларлық айырмашылығын (23-1) көрсетті.

«Хумо» - «Ертіс» 6:0 (2:0, 3:0, 1:0)

1:0 - 07:13 - Щегольков (Фищенко, Сорокин) ГБ

2:0 - 08:53 - Жилов (Чеботарев, Кравченко)

3:0 - 20:36 - Кравченко (Назаревич, Гловацкий) ГБ

4:0 - 29:01 - Синявский

5:0 - 37:59 - Кравченко (Зайцев, Жилов)

6:0 - 50:15 - Кравченко (Гопиенко)

Қақпашылар: Шаймарданов - Акулинин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.