Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасады.
«Торпедолықтар» оңтүстік астанада қарымта қайтарды. Бұл ойында барлық шайбалар артық құраммен салынды. Қонақтар үшін жеңіс соққысының авторы – Антон Злобин. Қақпашы Андрей Янков қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді. Екі балының арқасында Александр Шахворостовтың ойыншылары турнир кестесінде аралық екінші орынға шықты.
«Алматы» - «Торпедо» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)
1:0 - 15:41 - Скоробогатов (Хоменко, Машинец) ГБ
1:1 - 26:30 - Тунхузин (Шин, Дубинин) ГБ
1:2 - 32:11 - Злобин (Гребенщиков, Петров) ГБ
Қақпашылар: Колесников - Янков
Чемпионаттағы алғашқы үй матчын өткізген «Ақтөбе» «Құлагердің» есеп ашуына мүмкіндік берді. Алайда әрі қарай тек қызыл-қара киімдегілер гол салумен болды. Жеңіс шайбасы Евгений Попитичтің есебінде, қақпашы Артём Микушин 22 сейв жасады. Евгений Штайгердің ойыншылары чемпионатты жақсы бастады – команда бес матчтың төртеуінде жеңіп, көшбасшылар қатарына жайғасты.
«Ақтөбе» - «Құлагер» 3:1 (1:1, 0:0, 2:0)
0:1 - 12:10 - Гарифулин (Дзедаев, Рябоконов) ГБ
1:1 - 15:34 - Язьков (Кучин, Акишин)
2:1 - 41:49 - Попитич (Акишин, Беляев) ГБ
3:1 - 53:22 - Юдин (Гайсин, Зизевских)
Қақпашылар: Микушин - Новицкий (Осипов, 57:47-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.