Ертіс Хумоның құрғақ жеңістер сериясын үзді, алайда Ташкентте ірі есеппен жеңілді, Алматы мен Торпедо буллитке жетті

19 qyrkúıek
2408

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясында екі матч өтті.

«Алматылықтар» жаңа маусымдағы алғашқы үй матчының бастапқы минуттарын жақсы өткізді. Сергей Твердохлебов пен Евгений Зуевтің артық құраммен салған шайбаларының арасын небәрі 35 секунд бөлді. Алайда өскемендіктер ойынға ешбір қиындықсыз оралып, жағдайды түзеді. Нәтижесінде, қарсыластар жеңімпазды буллиттер сериясында ғана анықтады. Мұнда қонақтар дәлірек көздеді – жеңіс соққысының авторы Саян Данияр. Алаң иелері құрамынан Сергей Твердохлебов дубль жасады.

«Алматы» - «Торпедо» 3:4 Б (2:1, 1:2, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 02:07 - Твердохлебов (Скоробогатов, Машинец) ГБ

2:0 - 02:44 - Зуев (Филиппенко, Басимов) ГБ

2:1 - 18:25 - Архипов (Соколов) ГБ

2:2 - 25:16 - Дубинин (Злобин, Шин) ГБ

3:2 - 31:20 - Твердохлебов (Бурделёв, Дерзаев)

3:3 - 35:22 - Панченко (Гребенщиков, Данияр)

3:4 - 65:00 – Данияр ПБ

Қақпашылар: Колесников - Пестов

«Ертіс» биылғы маусымда «Хумоның» қақпасын ала алған алғаш команда болды. Алайда бұл павлодарлық команданың көңілін көншітпеді. Себебі финалдық ысқырық чемпионат көшбасшысының сенімді жеңісін тіркеді. Вадим Кравченко дубль жасады. Дамир Шаймарданов қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді. Евгений Попихиннің ойыншылары қатарынан бес матчта жеңіске жетті.

«Хумо» - «Ертіс» 7:1 (3:1, 2:0, 2:0)

1:0 - 04:44 - Назаревич (Кравченко) ГБ

2:0 - 13:49 - Щегольков (Козловский, Синявский)

2:1 - 15:48 - Тесленко (Севанькаев, Власкин) ГБ

3:1 - 18:38 - Кравченко (Гловацкий, Назаревич) ГБ

4:1 - 25:18 - Синявский (Фищенко, Щегольков)

5:1 - 32:10 - Кравченко (Назаревич, Жилов)

6:1 - 47:53 - Дорофеев (Расулов, Гопиенко)

7:1 - 59:43 - Жилов (Фищенко, Щегольков)

Қақпашылар: Шаймарданов - Нечвиенко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.