Номад жеңістер сериясын жалғастыруда, Горняк тағы да Арланнан ойсырай жеңілді

19 qyrkúıek
1216

Сейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында төрт кездесу жоспарланды.

«Номад» тағы да «Сарыарқадан» басым түсті. Елордалық ұжымға Руслан Оспановтың орындауындағы дубль, сондай-ақ Климентий Царёвтің, Олег Бойко мен Александр Пелевиннің голдары жеңіс әкелді. «Көшпенділердің» қақпашысы Джелал-ад-Дин Амирбеков тамаша ойын көрсетіп, қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берді. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары қатарынан төрт матчта жеңіске жетіп, турнир кестесінде аралық екінші орынға шықты. Қарағандылықтар, керісінше, өздерінің жеңіліс сериясын бес матчқа дейін ұзартты.

«Сарыарқа» - «Номад 0:5 (0:1, 0:0, 0:4)

1:0 - 19:34 - Оспанов (Мусоров, Шетле)

2:0 - 49:44 - Царёв (Шетле, Гатиятов) ГБ

3:0 - 53:28 - Оспанов (Мусоров, Царёв)

4:0 - 56:17 - Бойко (Оспанов)

5:0 - 58:20 - Пелевин (Колобов, Бойко)

Қақпашылар: Доненко - Амирбеков

«Арлан» тағы да өзінің барлық шабуылдаушы әлеуетін көрсетіп, «Горнякты» ойсырата жеңді. Рудныйлықтар Петропавлға сәтті сапардан кейін жақында аяқталған Қазақстан Кубогінің финалисіне қарсы төтеп бере алмады. Алаң иелерінің бірден үш ойыншысы дубльден жасады. Қарсыласты екі реттен Владислав Дюкарев, Денис Чапоров пен Егор Буяльский састырды. «Көкшеліктер» чемпионатты екі сенімді жеңіспен бастады


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.