Арлан Горнякты ойсырата жеңді, Номадтың қатарынан үшінші жеңісі

18 qyrkúıek
1007

Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Номад» «Сарыарқаның» арынын басты. Барынша жаңарған екі ұжымның кездесуі тартысты өтті. Жекпе-жектің басты қаһарманы – қарсыласқа екі шайбасын дарытқан «көшпенділердің» форварды Максим Мусоров. Қонақтардың қақпашысы Никита Бояркиннің есебінде 36 сейв.

«Сарыарқа» - «Номад 2:3 (1:2, 0:1, 1:0)

0:1 - 05:01 - Мусоров (Оспанов, Сулейменов)

1:1 - 05:52 - Григоренко (Баженов, Зайцев) ГБ

1:2 - 19:54 - Мусоров (Шульга, Оспанов) ГБ

1:3 - 21:10 - Шульга (Мусоров, Сулейменов)

2:3 - 50:05 - Зайцев (Григоренко)

Қақпашылар: Ибрагимов - Бояркин

«Арлан» чемпионатты «Горнякқа» қарсы сенімді жеңіспен бастады. Екінші үзіліске қарай рудныйлықтардың қақпасына бес шайба өтіп үлгерді және ойынның тағдыры шешілді. Евгений Оксентюк дубль жасады. Көкшетаулықтардың қақпашысы Арсений Ахметов қақпаға бағытталған 22 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Арлан» - «Горняк» 5:0 (2:0, 3:0, 0:0)

1:0 - 03:22 - Оксентюк (Карабань, Михайлов)

2:0 - 07:35 - Оксентюк (Гренц, Лихотников)

3:0 - 28:50 - Курдин (Волков, Преснов)

4:0 - 32:22 - Дюкарев (Железнов, Преснов)

5:0 - 33:54 - Сиксна (Гренц, Оксентюк) ГБ

Қақпашылар: Ахметов - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.