Ақтөбе чемпионаттағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, Құлагер мен Горнякқа негізгі уақыт жетпеді

15 qyrkúıek
1322

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш жекпе-жекпен жалғасуда.

«Торпедо» «Ақтөбенің» үш матчқа созылған жеңістер сериясын үзді. Осының арқасында өскемендіктер бүгінгі таңда лиганың ең нәтижелі ұжымы болып отыр: чемпионаттың аралық көшбасшыларының үштігіне енді. Маусымдағы алғашқы шайбаларын Саян Данияр, Максим Базанов, Антон Злобин мен Данияр Каиров салды. Қақпашы Андрей Янковтың есебінде 27 сейв.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 5:1 (2:0, 2:0, 1:1)

1:0 - 08:57 - Данияр (Шин, Архипов) ГБ

2:0 - 17:47 - Базанов (Рысбеков)

3:0 - 34:04 - Соколов (Гребенщиков)

4:0 - 35:49 - Злобин (Тютюньков, Петров)

5:0 - 44:09 - Каиров (Соколов)

5:1 - 46:44 - Ищенко (Гафаров)

Қақпашылар: Янков - Насыров (Костюков, 34:04-60:00)

«Бейбарыс» «Ертістен» қарымта қайтарды. Матчта екінші кезең шешуші болып, қонақтар қарсыласты екі рет састырды. Атыраулық ұжымның форвардтары Евгений Степанов пен Максим Кунишников маусым басында төрт матчтың үшеуінде гол салды. Александр Воробьев бүгін дубль жасады. «Бейбарыстың» голкипері Роман Калмыков қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

0:1 - 10:11 - Степанов (Кунишников, Холькин) ГБ

1:1 - 17:54 - Шетле (Гулый)

1:2 - 28:11 - Воробьев (Холоденин, Харченко) ГБ

1:3 - 32:56 - Кунишников (Воробьев)

1:4 - 58:31 - Воробьев (Клочков) ГМ

Қақпашылар: Акулинин – Калмыков

«Құлагер» мен «Горняктың» екінші текетіресінде командаларға жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жетпей қалды. Қарсыластар екінші кезеңнің соңына дейін барлық голдарын салып болды. Үшінші кезең мен овертайм шайбасыз өтті. Буллиттер сериясында Петропавлда төрт балл иемденген рудныйлық хоккейшілер дәлірек көздеді. Шешуші соққы Айдар Галимовтың есебінде.

«Құлагер» - «Горняк» 2:3 Б (0:1, 2:1, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 03:36 - Ханьжин (Куршук, Юлбарисов)

1:1 - 28:28 - Лызин (Казаченко, Калашников)

1:2 - 34:08 - Платонов ГМ

2:2 - 34:39 - Потапов (Рыжий, Сергушкин) ГБ

2:3 - 65:00 - Галимов ПБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.