Хумо биылғы чемпионатта 240 минут бойы шайба өткізбеді

14 qyrkúıek
1900

Қазақстан кубогінің қазіргі иегері чемпионат басталғалы бері бір де бір шайба өткізбеді.

«Хумо» мен «Сарыарқаның» екінші матчы алаң иелерінің құрғақ жеңісімен аяқталды. Ташкенттіктер чемпионат басталғалы бері төрт матч ұтып қана қоймай, қазіргі таңда бір де бір шайба өткізбеген команда атанып отыр. Бүгін Евгений Попихиннің ойыншылары өз қақпаларына 15 соққы бағыттауға рұқсат етіп, голкипер Дамир Шаймарданов олардың барлығына төтеп берді. «Хумо» шабуылдарының көшбасшысы Вадим Кравченко дубль жасады.

«Хумо» - «Сарыарқа» 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 10:01 - Назаревич (Мальцев, Фищенко)

2:0 - 21:22 - Кравченко (Жилов, Гловацкий)

3:0 - 27:38 - Гловацкий (Чеботарев, Коннов) ГБ

4:0 - 43:12 - Кравченко ШБ

Қақпашылар: Шаймарданов - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.