Қазақстан чемпионатының бейсенбісі бірден бес матч ұсынды.
«Ертіс» «Бейбарысты» сенімді түрде жеңіп, ағымдағы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Дмитрий Тесленко дубль жасады, Артём Севанькаев командаластарына екі рет пас берді. Шабуылдардың біріне павлодарлықтардың голкипері Вячеслав Нечвиенко қатысты, оған қоса, қақпашы 50 соққыға тойтарыс берді. Атыраулықтар әзірге үш кездесудің біреуінде жеңіске жетті.
«Ертіс» - «Бейбарыс» 4:1 (1:0, 1:0, 2:1)
1:0 - 16:50 - Асуханов (Нечвиенко, Шлычков)
2:0 - 22:27 - Тесленко (Севанькаев)
2:1 - 43:54 - Степанов (Холоденин, Грачев)
3:1 - 55:08 - Тесленко (Севанькаев)
4:1 - 55:29 - Шетле (Власкин, Гулый)
Қақпашылар: Нечвиенко - Моисеев
«Горняк» маусымды Петропавлдағы «Құлагеге» қарсы жеңістен бастады. Рудныйлықтарға жеңісті Денис Гурьев пен Александр Ханьжиннің дөп соққылары, сонымен қатар Владислав Нуректің 30 сейві әкелді. Биылғы чемпионатта алаң иелері құрамынан алғашқы шайбаның авторы Иван Казаченко болды.
«Құлагер» - «Горняк» 1:2 (0:2, 1:0, 0:0)
0:1 - 14:19 - Гурьев (Шарипов, Сёмочкин)
0:2 - 18:34 - Ханьжин (Куршук, Юлбарисов) ГБ
1:2 - 24:54 - Казаченко (Махамадеев)
Қақпашылар: Селивёрстов - Нурек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.