Қазақстан чемпионатының бейсенбісі бірден бес матч ұсынды.
«Номад» «Алматыға» қарсы ойынды тағы да нәтижелі өткізіп, екінші рет жеңіске жетті. Бірінші кезеңде қонақтар қарсыласқа соққыны боратты, алайда әрі қарай «көшпенділер» ғана гол салды. Вячеслав Колесников пен Олег Бойко бір-бір шайбадан салып, командаластарына да бір-бір пастан берді. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары сәтсіз бастамадан кейін чемпионат көшбасшылары қатарына оралуда.
«Номад» - «Алматы» 5:2 (3:2, 2:0, 0:0)
0:1 - 00:57 - Твердохлебов (Машинец, Кожевников)
1:1 - 03:29 - Цыбин (Колесников, Сулейменов)
2:1 - 09:44 - Тетерин (Оспанов, Мусоров) ГБ
3:1 - 14:53 - Колесников
3:2 - 17:06 - Скоробогатов (Бастаногов, Баев)
4:2 - 28:45 - Королёв (Пелевин, Бойко)
5:2 - 33:36 - Бойко (Кайыржан) ГМ
Қақпашылар: Шутов – Колесников
«Ақтөбе» ел шығысына сәтті сапарын жалғастыруда. Бүгін Евгений Штайгердің ойыншылары «Торпедодан» басым түсті. Батысқазақстандық командаға жеңісті Евгений Попитич пен Нияз Абрашитовтың дөп соққылары, сонымен қатар «Ақтөбенің» жаңа ойыншысы Раиль Насыровтың 29 сейві әкелді. «Қызыл-ақтар» қатарынан үшінші матчта жеңіске жетіп, әзірге бір де бір ұпай жоғалтқан жоқ.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)
1:0 - 11:21 - Соколов (Тунхузин, Злобин) ГБ
1:1 - 13:26 - Попитич (Исмагилов, Хорошев)
1:2 - 31:20 - Абдрашитов (Зизевских, Гайсин)
Қақпашылар: Янков – Насыров
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.