Номад ұзақ үнсіздіктен кейін Алматыны ойсырата жеңді, Хумо шайба өткізбестен келеді

13 qyrkúıek
1745

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі жекпе-жекпен жалғасады.

«Номад» көптен бергі үнсіздікті үзіп, биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бүгін Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары «Алматыдан» басым түсті. Руслан Оспанов дубль жасады, Даниил Цыбин, Олег Тетерин, Всеволод Логвин мен Станислав Александров бір-бір гол салды. Айтып өтетін жайт, төрт шайбаның төртеуін де алаң иелері артық құраммен салды. «Көшпенділердің» қақпашысы Никита Бояркин қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс беріп, алғашқы құрғақ матчты өткізді.

«Номад» - «Алматы» 6:0 (0:0, 3:0, 3:0)

1:0 - 24:33 - Оспанов (Тетерин, Мусоров) ГБ

2:0 - 33:32 - Цыбин (Колесников)

3:0 - 37:27 - Оспанов (Тетерин, Мусоров) ГБ

4:0 - 46:44 - Тетерин (Оспанов, Мусоров) ГБ

5:0 - 56:42 - Логвин ГБ

6:0 - 57:49 - Александров

Қақпашылар: Бояркин – Колесников

«Хумо» «Сарыарқамен» матчта аса қатты қиналған жоқ. Бірінші кезеңде-ақ ташкенттіктер жайлы есеп үстемдігін орнатып, оны финалдық ысқырыққа дейін арттырды. Антон Гловацкий дубль жасады, тағы бір нәтижелі соққы Василий Жиловтың есебінде. Өзбекстандық команда қақпашысы Дамир Шаймарданов үшінші ойында қатарынан мұздан шайба өткізбестен кетті. Бүгін оның есебінде 20 сейв бар. Алты балдың алтауын жиған Евгений Попихиннің ойыншылары чемпионат кестесінің аралық көшбасшысы атанды.

«Хумо» - «Сарыарқа» 3:0 (2:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 03:50 - Жилов (Гловацкий, Назаревич) ГБ

2:0 - 09:25 - Гловацкий (Назаревич, Жилов)

3:0 - 35:31 - Гловацкий (Кравченко, Чеботарев)

Қақпашылар: Шаймарданов - Доненко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.