Бейбарыс Өскеменде қарымта қайтарды, Ақтөбе Павлодардан төрт балмен қайтты

11 qyrkúıek
784

Өскемен мен Павлодардағы жекпе-жектер Қазақстан чемпионаты ойын аптасының бағдарламасын ашады.

Екінші матчта «Торпедо» мен «Бейбарысқа» жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жетпей қалды. Айтып өтетін жайт, атыраулықтар үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңіске жетуге жақын болды. Алайда финалдық ысқырыққа 103 секунд қалғанда Александр Шин ойынды овертаймға айналдырды. Әйтсе де, екі балды бүгін қонақтар алып кетті. Максим Кунишников қосымша бес минуттың ортасына қарай командаларды алаңнан қайтарды. «Бейбарыстың» қақпашысы Глеб Моисеев өз есебіне 32 сейв жазды.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 2:3 ОТ (1:2, 0:0, 1:0, 0:1)

0:1 - 10:10 - Гринь (Степанов, Александров)

1:1 - 11:48 - Гасников (Быков)

1:2 - 18:42 - Холоденин (Степанов) ГБ

2:2 - 58:17 - Шин (Соколов)

2:3 - 62:42 - Кунишников (Степанов)

Қақпашылар: Янков - Моисеев

«Ақтөбе» «Ертісті» екінші рет жеңді. Батысқазақстандық ұжымға жеңісті Евгений Попитич, сондай-ақ қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берген голкипер Артём Микушиннің сенімді ойыны әкелді. Евгений Штайгердің ойыншылары Павлодарда төрт балл жинап, елдің шығысындағы сапарын турнир кестесінің аралық көшбасшысы дәрежесінде жалғастырады.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

0:1 - 18:24 - Попитич (Исмагилов, Тарлецкий)

1:1 - 28:38 - Подшендялов (Кузык)

1:2 - 32:26 - Попитич (Киселёв)

1:3 - 36:53 - Абдрашитов (Юдин, Гайсин)

1:4 - 40:44 - Митряков (Кучин, Акишин) ГБ

Қақпашылар: Акулинин - Микушин (Костюков, 57:56-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.