Хумо Номадты тағы да «құрғатты», Петросянның хет-тригі Торпедоға Бейбарысқа қарсы матчта жеңіс сыйлады

10 qyrkúıek
1199

Жексенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында төрт матч жоспарланған.

«Номад» өз алаңындағы екі матчтық текетіресте «Хумоның» қақпасын ала алмады. Ташкенттіктер үшін жеңіс шайбасының авторы тағы да Вадим Кравченко болды, форвард тағы да артық құраммен гол салды. «Көшпенділер» қарсы қақпаға 22 соққы жасады, алайда олардың бір де бірі жетер жеріне жетпеді. Қазіргі Қазақстан кубогінің иегері маусымды бақталасына қарсы екі маңызды жеңістен бастайды.

«Номад» - «Хумо» 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)

0:1 - 09:41 - Кравченко (Назаревич, Гловацкий) ГБ

Қақпашылар: Амирбеков - Шаймарданов (Чубенко, 33:25-36:00)

«Сарыарқа» мен «Алматы» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Бұл жолы жеңіс оңтүстікастаналық ұжымға бұйырды. Жеңіс шайбасының авторы – тәжірибелі Илья Ковзалов. Алматылықтардың голкипері Филипп Колесников қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Алматы» 2:3 Б (1:2, 1:0, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 02:56 - Пономарёв (Симонов)

1:1 - 05:21 - Казаманов (Андрусенко, Аманжолов)

1:2 - 19:06 - Хоменко (Кожевников, Твердохлебов) ГБ

2:2 - 38:41 - Хрипков (Цветков, Королинский)

2:3 - 65:00 - Ковзалов ПБ

Қақпашылар: Доненко - Колесников

«Торпедо» «Бейбарыспен» матчта екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, екі балл жинады. Екінші кезеңде атыраулықтардың қақпасына бес шайба аттанды. Әрі қарай «Бейбарыс» ойынға оралуға тырысты, алайда алаң иелері жеңісті өз уыстарынан шығармады. Матчта өскемендіктердің форварды Стас Петросян хет-трик жасады, қарсыласты екі рет Александр Панченко састырды.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 7:4 (0:1, 5:0, 2:3)

0:1 - 11:12 - Гринь (Пивунов)

1:1 - 21:44 - Петросян (Каиров, Данияр)

2:1 - 25:44 - Панченко (Дубинин, Каиров)

3:1 - 28:52 - Дубинин (Гребенщиков, Архипов)

4:1 - 29:21 - Петросян (Громов, Гребенщиков) ГБ

5:1 - 34:19 - Панченко (Громов, Гребенщиков)

6:1 - 43:41 - Петросян (Шин)

6:2 - 45:21 - Кунишников (Грачев, Степанов)

7:2 - 51:22 - Гребенщиков (Злобин) ГБ

7:3 - 54:48 - Степанов (Кунишников)

7:4 - 55:59 - Клочков (Арбузов, Воробьев)

Қақпашылар: Янков (Осокин, 51:22-60:00) - Зыкин

«Ақтөбе» «Ертіспен» кездесу барысында екі рет есеп бойынша артта қалды, алайда ойын барысын бұрып, маусымның бастапқы матчында жеңісті жұлып алды. Қонақтардың екі нәтижелі шабуылына Нияз Абдрашитов қатысты. Артём Микушиннің есебінде 19 сейв бар.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 2:4 (2:1, 0:2, 0:1)

1:0 - 03:58 - Севанькаев (Расулов) ГБ

1:1 - 09:09 - Беляев ГМ

2:1 - 13:12 - Мухтаров (Асуханов, Атаханов)

2:2 - 21:12 - Язьков (Зубковский, Кучин)

2:3 - 31:30 - Гайсин (Абдрашитов)

2:4 - 56:54 - Юдин (Абдрашитов)

Қақпашылар: Нечвиенко - Микушин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.