Хумо финалистер тартысында жеңіп шықты, Твердохлебовтің хет-тригі Алматыны Сарыарқамен матчта жеңілістен құтқармады

9 qyrkúıek
870

Астана мен Қарағандыда 1xBet Pro Hokey Ligasy-ның жаңа маусымының алғашқы матчтары өтті.

«Номад» пен «Хумо» елордалық жанкүйерлерді голға қарық қылмады. Ойын уақытының 41 минуты бойы таблода нөлдер жанып тұрды. Дегенмен қарсы қақпаға әбден шүйліккен ташкенттіктер Джелал-ад-Дин Амирбековтің қақпасын ашты – Вадим Кравченко артық құраммен көзге түсті. Әрі қарай «көшпенділер» екі рет артық құрам ұйымдастыруға талпынды. Алайда жақында аяқталған Қазақстан кубогінің үздік қақпашысы Дамир Шаймардановқа алаң иелері шайбасын дарыта алмады. Финалдық ысқырыққа 47 секунд қалғанда Кравченко бос қақпаға дубль салды.

«Номад» - «Хумо» 0:1 (0:0, 0:0, 0:2)

0:1 - 41:48 - Кравченко (Назаревич, Гловацкий) ГБ

0:2 - 59:13 - Кравченко (Дорофеев) ПВ

Қақпашылар: Амирбеков - Шаймарданов

Ал Қарағандыда командалар көрерменді қуантып, ашық хоккей ойнады. Әсіресе, екінші кезең нәтижелі болып, қарсылас алты нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Негізгі уақытта командалар тең түсті – 5:5. Айтқандай, «Сарыарқа» жеңілістен үшінші кезеңнің аяқталуына 37 секунд қалғанда дубль жасаған Евгений Григоренконың дөп соққысының арқасында құтылып кетті. Жаңа маусымда алғашқы хет-трикті «Алматы» форварды Сергей Твердохлебов жасады. Нәтижесінде, жеңімпазды анықтау үшін буллиттер сериясы қажет болды. Мұнда Владимир Князевтің ойыншылары дәлірек көздеді. Шешуші соққының авторы – Глеб Зайцев.

«Сарыарқа» - «Алматы» 6:5 Б (1:0, 3:3, 1:2, 0:0, 1:0)

1:0 - 16:44 - Хрипков (Дербенёв, Баженов) ГБ

1:1 - 20:16 - Ковзалов (Дерзаев, Бурделёв) ГБ

1:2 - 20:56 - Твердохлебов (Кожевников)

2:2 - 23:29 - Зайцев (Баженов, Григоренко) ГБ

2:3 - 26:28 - Твердохлебов

3:3 - 29:59 - Королинский (Грязев) ГБ

4:3 - 30:37 - Григоренко

4:4 - 57:01 - Твердохлебов (Скоробогатов, Хоменко)

4:5 - 59:01 - Басимов

5:5 - 59:23 - Григоренко (Баженов)

6:5 - 65:00 – Зайцев ПБ

Қақпашылар: Доненко - Колесников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.