Хумо – 1xBet Qazaqstan Kubogi 2023 жеңімпазы

31 tamyz
1331

1xBet Qazaqstan Kubogi 2023 финалдық жекпе-жегінде командаларға жеңімпазды анықтау үшін бесеуден артық кезең қажет болды.

Кездесу «Хумо» құрамындағы қатарынан үш аластатудан басталды, алайда көкшетаулықтар бұл ұтымды сәтті пайдалана алмады. Ал Евгений Попихиннің ойыншылары өзінің алғашқы мүмкіндігін «5-ке 4» форматында жүзеге асырды. Көк сызықтан Илья Назаревич тамаша соққы жасады.

Екінші кезең аса бір жарқын сәттерсіз өтті. «Арлан» белсендірек болып, қарсыласқа көбірек соққы жасады (8-6), алайда шайбалар жетер жеріне жетпеді.

Соңғы кезең қазақстандық ұжымның бақылауында болды, ал «Хумо» аластатыла бастады. «Көкшеліктер» ұзақ уақыт бойы Дамир Шаймардановтың қақпасын ала алмады. Әйтсе де, финалдық ысқырыққа 97 секунд қалғанда Артём Лихотников ойынның шартты иелерінің бос қақпасына шайба салып, ойынды овертаймға айналдырды.

Кубоктің тағдыры матчтың 108-ші минутында анықталды. Павел Синявский кем құраммен алға шығып, «Хумоға» клуб тарихындағы алғашқы Қазақстан кубогін сыйлады.

«Хумо» - «Арлан» 2:1 ОТ (1:0, 0:0, 0:1, 1:0 ОТ3)

1:0 - 13:12 - Назаревич (Гловацкий, Дорофеев) ГБ

1:1 - 58:23 - Лихотников (Сиксна) ГБ

2:1 - 108:47 - Синявский ГМ

Қақпашылар: Шаймарданов - Мейдер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.