Хумо буллиттер сериясында Торпедоны жеңіп, финалға шықты

30 tamyz
852

2023 жылғы ҚР Кубогінің бірінші финалисі – «Хумо».

Есеп бірінші үзіліске таяғанда ашылды. Сергей Шиков берілген пасты жетер жеріне жеткізіп, ташкенттіктерді алға шығарды. Көрермен келесі голды 20 минут бойы күтті. Екінші кезеңнің аяқталуына 41 секунд қалғанда Антон Злобин шеберлікпен шайба салды. Әрі қарай командалар негізгі уақытта бір-біріне шайба өткізе алмады. Овертайм да голсыз өтті. Ал буллиттер сериясында Евгений Попихиннің ойыншылары дәлірек көздеді. Жеңіс соққысының авторы – Вадим Кравченко. «Хумо» голкипері Дамир Шаймардановтың есебінде 29 сейв бар.

«Хумо» - «Торпедо» 2:1 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 14:57 - Шиков (Сорокин)

1:1 - 39:19 - Злобин (Каиров)

2:1 - 65:00 – Кравченко ПБ

Қақпашылар: Шаймарданов - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.