Арлан мен Хумо «В» тобындағы бірінші орын үшін таласты, Бейбарыс Номадты жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырды

28 tamyz
769

Астана мен Көкшетауда хоккейден Қазақстан Кубогінің қорытынды кезеңі аяқталды.

«Арлан» мен «Хумоға» «В» тобындағы жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Негізгі уақытта командалар тең түсті. Овертаймда Антон Гловацкийдің дөп сққысы «Хумоға» екі балл сыйлады. Ташкенттік ұжым алдын ала кезеңді максималды балл санымен аяқтап, көкшетаулық топтың көшін бастады. «Арлан» жартылай финалға екінші орынмен шықты.

«Арлан» - «Хумо» 2:3 ОТ (0:2, 1:0, 1:0, 0:1)

0:1 - 03:15 - Борисов (Коннов, Чеботарев)

0:2 - 05:22 - Фищенко ГМ

1:2 - 32:01 - Пархоменко (Гренц, Михайлов)

2:2 - 55:40 - Карабань (Гренц, Оксентюк)

2:3 - 62:04 - Гловацкий (Кравченко)

Қақпашылар: Мейдер - Литвинов

«Номад» берілген мүмкіндікті пайдалана алмай, «Бейбарыстан» құрғақ жеңілді. Атыраулықтарға жеңісті Герман Грачёв пен «көшпенділердің» бос қақпасына шайба дарытқан Александр Воробьёвтің дөп соққылары сыйлады. «Бейбарыстың» қақпашысы Глеб Моисеев қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді. Бұл нәтиже қос команданы да Кубоктің финалдық раундынан тыс қалдырды. Осылайша турнирдің шешуші кезеңіне қазіргі Кубок иегері де, қазіргі Қазақстан чемпионы да қатыспайды.

«Номад» - «Бейбарыс» 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

0:1 - 20:30 - Грачев (Ершов, Кунишников)

0:2 - 59:19 - Воробьев ПВ

Қақпашылар: Бояркин - Моисеев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.