Құлагер Алматыны жеңді, Ақтөбе «А» тобында бірінші орынды иемденді

28 tamyz
914

Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі аяқталуға таяды.

«Құлагер» мен «Алматы» Кубокті алты шайбамен аяқтады. Бүгін петропавлдық хоккейшілер дәлірек көздеді. «Құлагер» үшін жеңіс шайбасының авторы – Роман Коваленко. Қос ұжым да турнирдің финалдық бөлігіне шыға алмады, енді үйлеріне оралып, тұрақты чемпионаттың басталуына дайындалады.

«Құлагер» - «Алматы» 4:2 (3:1, 0:1, 1:0)

1:0 - 14:42 - Гарифулин (Закарлюкин, Калашников) ГБ

1:1 - 16:46 - Милушкин (Штефан, Кожевников) ГБ

2:1 - 17:41 - Закарлюкин (Лызин) ГБ

3:1 - 19:41 - Коваленко (Своеволин, Штайгер)

3:2 - 26:58 - Хоменко

4:2 - 44:27 - Лызин (Коваленко, Поляничев)

Қақпашылар: Новицкий - Вилардо

«Горняк» «Сарыарқамен» жекпе-жекке жігерлі ойын көрсетті. Матчтың ортасына қарай қарағандылықтар үш шайбамен алда келе жатқан. Алайда рудныйлықтар негізгі уақытта жеңілістен құтылып қана қоймай, буллиттер сериясында жеңіп, екі балл иемденді. Александр Катков пен Данила Платонов қарсыласты екі реттен састырды.

Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша «Горняк» «В» тобында үшінші орын алды. Өткен жылғы ҚР Кубогінің жеңімпазы «Сарыарқа» ағымдағы турнирді бесінші орынмен аяқтады.

«Сарыарқа» - «Горняк» 3:4 Б (1:0, 2:1, 0:2, 0:0, 0:1)

1:0 - 10:49 - Пономарёв (Королинский, Тарасов)

2:0 - 21:04 - Дёмин (Баженов) ГМ

3:0 - 28:54 - Баженов ГМ

3:1 - 30:05 - Катков (Гурьев, Нурек)

3:2 - 44:07 - Катков (Ханьжин, Скатов)

3:3 - 50:01 - Платонов (Кротов, Шишов)

3:4 - 65:00 - ПлатоновПБ

Қақпашылар: Ибрагимов - Нурек

«Ақтөбе» «А» тобының шешуші матчында «Торпедоны» тырп еткізбеді. Жеңімпаздар құрамынан Дмитрий Исмагилов көзге түсті. Артём Микушин өз есебіне 24 сейв жазды.

Евгений Штайгердің ойыншылары осы жетістігінен кейін өз алтылығында бірінші орынды иеленіп, жартылай финалға шықты. Өскемендіктер енді «Номад» пен «Бейбарыс» арасындағы кешкі ойынның нәтижесін күтеді.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

1:0 - 01:04 - Исмагилов (Хорошев)

2:0 - 53:18 - Попитич (Гайсин)

3:0 - 53:57 - Исмагилов (Попитич, Беляев) ГБ

3:1 - 57:27 - Лагунов (Петросян, Шин)

Қақпашылар: Микушин – Янков 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.