Хумо жартылай финалға шықты, Горняк турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

27 tamyz
1537

Көкшетауда хоккейден Қазақстан Кубогінің ойындары жалғасуда.

«Хумо» «Сарыарқаның» арынын басты. Ташкенттіктер ұзақ уақыт бойы ойын барысын өз бақылауында ұстады, алайда Богдан Доненконың қақпасын ала алмады. Соңғы кезеңде бәрі өз орнына келді. Евгений Попихиннің ойыншылары үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды – Илья Назаревич, Павел Синявский және Вадим Кравченко көзге түсті. Дамир Шаймарданов турнирде екінші рет мұздан шайба өткізбестен кетті, оның есебінде 21 сейв бар. Осы жетістігінің арқасында «Хумо» ҚР Кубогінің финалдық бөлігіне жолдама алды.

«Хумо» - «Сарыарқа» 3:0 (0:0, 0:0, 3:0)

1:0 - 47:42 - Назаревич (Гловацкий, Дорофеев) ГБ

2:0 - 49:17 - Синявский (Сорокин)

3:0 - 55:42 - Кравченко (Козловский)

Қақпашылар: Шаймарданов – Доненко

«Горняк» «Ертіске» қарсы ойында жігерлі ойын көрсетіп, жеңіске жетті. Рудныйлықтар үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қарсыласты төрт рет састырды. Айдар Галимов дубль жасады. Рудныйлық команда биылғы Кубок аясындағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.

«Горняк» - «Ертіс» 5:3 (1:2, 0:1, 4:0)

0:1 - 08:49 - Карпов (Гулый, Шкленник)

1:1 - 09:08 - Скатов (Щёкин, Шишов)

1:2 - 19:51 - Кураков (Севанькаев)

1:3 - 21:27 - Кураков (Валеев, Акулинин)

2:3 - 43:13 - Галимов (Куршук, Гурьев) ГБ

3:3 - 45:20 - Галимов (Куршук, Садиков)

4:3 - 48:06 - Куршук (Садиков, Юлбарисов)

5:3 - 51:47 - Сёмочкин (Ханьжин, Захаров)

Қақпашылар: Тихонов - Акулинин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.