Сергей Машинец қазақстандық хоккейдегі 700-ші матчын өткізді

26 tamyz
1737

Бүгін Қазақстан Кубогінде біздің хоккей үшін айтулы оқиға болды.

Елордалық хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Машинец қазақстандық турнирлердегі өзінің 700-ші матчын ойнады. Танымал қорғаушы үшін мерейтойлық матч Қазақстан кубогі аясындағы «Алматы» және «Торпедо» арасында өтті. 2009 жылдан бері Машинец «Горняктың», «Арыстанның», «Астананың», «Ертістің», «Ақтөбе» мен «Алматының» дамуына сүбелі үлес қосты.

Қазақстанның хоккей федерациясы мен «Алматы» хоккей клубы Сергейді осы бір айтулы оқиғамен құттықтайды! Мықты денсаулық, жарақатсыз ойын, мансапта толағай табыс, спортта сәттілік тілейміз!


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.