Торпедо плей-офф үшін тартысқа оралды, Арлан Кубоктің алғашқы жартылай финалисі атанды

26 tamyz
1401

Хоккейден Қазақстан Кубогі төрт матчпен жалғасты.

«Торпедо» «Алматыға» қарсы ойында турнир кестесі тұрғысынан аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Өскемендіктер үшін екпіндетіп өткізген екінші кезең жемісті болып, оңтүстікастаналық ұжым қақпасына үш шайба аттанды. Айтқандай, жеңімпаздар құрамынан әрбір голды әртүрлі хоккейші салды. «Торпедолықтар» сегіз балдың алтауын қоржынға салды, енді турнирдің финалдық бөлігіне өтуге барлық мүмкіндігі бар.

«Алматы» - «Торпедо» 1:7 (0:1, 1:3, 0:3)

0:1 - 15:50 - Гасников (Алдабергенов, Архипов)

0:2 - 23:58 - Каиров (Лагунов)

0:3 - 27:31 - Архипов (Рысбеков)

0:4 - 35:26 - Злобин

1:4 - 37:10 - Бурделёв (Милушкин, Штефан)

1:5 - 45:48 - Тунхузин (Лагунов) ГБ

1:6 - 48:34 - Шин (Олендаренко, Петросян) ГБ

1:7 - 54:42 - Рысбеков (Архипов)

Қақпашылар: Колесников (Вилардо, 34:43-60:00) – Янков (Осокин, 48:03-60:00)

«Бейбарыс» нәтижелі матчта «Құлагерді» жеңіп, мұнан кейінн «А» тобындағы турнир кестесі бұрынғыдан да шатасып кетті. Жеңімпаздар құрамынан Алексей Клочков дубль жасады.

«Құлагер» - «Бейбарыс»3:5 (1:4, 1:1, 1:0)

0:1 - 06:30 - Джиг (Клочков, Арбузов) ГБ

0:2 - 08:45 - Дыньков (Воробьев) ГБ

1:2 - 13:19 - Орехин (Бурлака, Сергушкин) ГБ

1:3 - 15:46 - Сайко (Ершов, Джиг)

1:4 - 16:11 - Клочков (Воробьев, Харченко)

2:4 - 21:15 - Хамматов (Рыжий, Орехин) ГБ

2:5 - 23:50 - Клочков (Дыньков, Харченко)

3:5 - 55:47 - Лызин (Селивёрстов, Коваленко) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов - Зыкин

«Арлан» «Ертісті» қиналмай жеңіп, Кубоктің алғашқы жартылай финалисі атанды. Көкшетаулықтардың қақпашысы Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс беріп, кезекті сенімді матчын өткізді.

«Ертіс» - «Арлан»1:5 (0:1, 1:3, 0:1)

0:1 - 12:52 - Лихотников (Сиксна, Гренц) ГБ

0:2 - 21:38 - Боровиков (Оксентюк, Железнов)

0:3 - 22:00 - Павленко (Соколов)

0:4 - 29:15 - Дюкарев (Михайлов, Гренц)

1:4 - 39:50 - Ганиев

1:5 - 51:06 - Соколов (Павленко)

Қақпашылар: Нечвиенко - Мейдер

«Номад» өз сәттерін ұтымды пайдалануды бастап, нәтижесінде топ көшбасшысы «Ақтөбеден» басым түсті. Кеше Омбыда өткен ҚХЛ маусым алдындағы турнирінде «Барыс» сапында дебют жасаған қорғаушы Кирилл Никитин дубль жасады. Осы матчтан кейін елордалық алтылықтағы тартыс шарықтау шегіне жетті.

«Ақтөбе» - «Номад»3:5 (1:2, 1:1, 1:2)

1:0 - 03:23 - Кучин (Язьков, Митряков) ГБ

1:1 - 05:46 - Пелевин (Колобов, Гатиятов) ГБ

1:2 - 12:49 - Никитин (Гатиятов) ГБ

1:3 - 25:04 - Никитин (Колобов, Гатиятов) ГБ

2:3 - 35:15 - Гайсин (Исмагилов, Попитич) ГБ

3:3 - 40:26 - Кучин (Язьков, Зубковский)

3:4 - 44:23 - Диханбек (Макеев, Александров)

3:5 - 59:58 - Колесников ПВ

Қақпашылар: Ершов (Костюков, 25:04-60:00) - Бояркин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.