Сарыарқа екінші рет жеңіліске ұшырады, Құлагер Номадтан басым түсті

25 tamyz
1153

Қазақстан кубогінің төртінші ойын күнінің кешкі сеессиясында екі матч өтті.

«Арлан» «Сарыарқаның» арынын басты. Кездесу айтарлықтай тартысты өтті. Евгений Оксентюктің бірінші кезеңнің ортасына қарай салған дөп соққысының арқасында көкшетаулықтар өз қақпаларының маңында қауіпті сәттерге жол бермеді. Тимур Мейдер 118 соққыға тойтарыс беріп, құрғақ жеңіске жетті. «Көкшеліктер» турнирдегі жолы максималды бал санымен жалғастыруда. Қарағандылық қазіргі Кубок иегері өзін қиын жағдайда қалдырды.

«Сарыарқа» - «Арлан» 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)

0:1 - 10:01 - Оксентюк (Лихотников, Гренц) ГБ

Қақпашылар: Доненко – Мейдер

«Номад» «Құлагермен» ойынға тиісінше кірісе алмай, жеңіліске ұшырады. Қазіргі ел чемпионы өз сәттерін іске асыруда қиындықтарға тап болды. Ал петропавлдықтардың турнирде жеңіске жетуге деген құлшынысы зор болды. Артём Гарифулин дубль жасады. «Құлагердің» жаңа ойыншысы Вячеслав Новицкий өз есебіне 22 сейвті жазды.

«Номад» - «Құлагер» 1:5 (0:1, 1:3, 0:1)

0:1 - 06:41 - Гарифулин (Поляничев)

0:2 - 25:23 - Гарифулин (Поляничев) ГБ

0:3 - 30:00 - Белашов (Хамматов)

0:4 - 33:05 - Сергушкин (Орехин, Закарлюкин) ГБ

1:4 - 39:08 - Касенов (Шульга, Цыбин)

1:5 - 49:03 - Лызин (Закарлюкин, Калашников) ГБ

Қақпашылар: Бояркин (Амирбеков, 33:20-60:00) - Новицкий


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.