Ақтөбе Алматының қақпасына жеті шайба салды, Шаймарданов Горнякпен ойында «құрғақ» жеңіске жетті, Шин Торпедоға жеңіс сыйлады

25 tamyz
1526

Хоккейден Қазақстан кубогі қыза бастады.

«А» тобының көшбасшыларының тартысы күтпеген жерден нәтижелі болды. «Ақтөбе» бастапқы кезеңнің қорытындысы бойынша өзіне жайлы есеп үстемдігін орнатты, алайда әрі қарай таразы басы кез келген жаққа ауып кетуі мүмкін болды. Соңғы кезеңнің ортасына қарай алматылықтар есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты. Десе де, Евгений Штайгердің ұжымы өз дегенінде тұрып, турнирдегі қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Осы жетістігінен кейін ақтөбеліктер елордалық топтың көшін бастап, Кубоктің финалдық бөлігінен үміті мол екенін байқатты. Жеңіс голын салған Евгений Попитич дубль жасады.

«Алматы» - «Ақтөбе» 4:7 (0:2, 2:2, 2:3)

0:1 - 06:55 - Язьков (Юдин, Попитич) ГБ

0:2 - 17:22 - Попитич (Беляев)

1:2 - 24:33 - Скоробогатов (Ковзалов, Филиппенко)

1:3 - 29:11 - Киселёв (Абдрашитов, Юдин)

1:4 - 34:13 - Беляев (Зубковский) ГМ

2:4 - 37:48 - Твердохлебов (Дерзаев, Кожевников) ГБ

2:5 - 41:33 - Попитич (Беляев, Сошников)

3:5 - 41:51 - Штефан (Басимов)

4:5 - 49:12 - Милушкин (Штефан, Баев)

4:6 - 59:20 - Гайсин (Юдин) ГБ

4:7 - 59:52 - Ищенко

Қақпашылар: Вилардо (Колесников, 34:13-60:00) – Микушин

Ойын күнінің екінші матчында, керісінше, барлығын бір шайба шешті. Павел Синявский кездесудің 17-ші минутында көзге түсті, ал әрі қарай алдыңғы шепке командалардың қақпашылары шықты. Владислав Тихонов 33 соққыға тойтарыс берді, алайда мұнысы командасына аса пайда әкелмеді. Ал өз есебіне 25 сейвті жазған Дамир Шаймардановты кездесудің басты қаһарманы деп атауға болады.

«Хумо» екі ойында төрт балл жинады, осының арқасында ташкенттіктер турнирдің финалдық бөлігі жолындағы жорығын жалғастырады. Ал өткен жылғы Кубоктің жартылай финалисі «Горняк» бір де бір балл жинамастан келе жатыр.

«Хумо» - «Горняк» 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

1:0 - 16:20 - Синявский (Коннов, Чеботарев)

Қақпашылар: Шаймарданов - Нурек

«Торпедо» мен «Бейбарыстың» текетіресі де аса нәтижелі болмады. Бұл ойында жеңіс тойын Өскемен өкілдері тойлады, еңбек – екі ардагердікі. Александр Шин артық құрам ұйымдастырды, ал Андрей Янков кезекті рет өз деңгейін көрсетіп, алаңнан бір де бір шайба өткізбестен кетті. Оның қоржынында 25 сейв.

Александр Шахворостовтың ойыншылары турнирдің бастапқы кезеңіндегі сәтсіздіктен кейін Кубоктің финалдық бөлігі үшін жорыққа оралуда. Ал атыраулықтардың беделді трофей үшін тартыса алуы екіталай.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 44:28 - Шин (Архипов, Петросян) ГБ

Қақпашылар: Янков – Зыкин 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.