Арлан Горнякты жеңді, Алматы А тобының көшін бастады

23 tamyz
913

Көкшетау мен Астанада хоккейден Қазақстан Кубогінің ойындары жалғасуда.

«Арлан» «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті. Ойынның тағдыры үшінші кезеңнің соңғы минуттарында шешілді. Жеңіс шайбасының авторы – ойын барысында екі балл жинаған Станислав Боровиков. «Горняктың» голкипері Владислав Нурек қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді, алайда рудныйлықтар ұпай жинай алмады.

«Арлан» - «Горняк» 4:3 (2:0, 1:1, 1:2)

1:0 - 07:30 - Карабань (Степаненко, Лихотников)

2:0 - 16:01 - Гренц (Дюкарев, Пархоменко)

2:1 - 35:41 - Козорез (Катков)

3:1 - 39:03 - Волков (Боровиков, Чапоров)

3:2 - 44:38 - Захаров (Кротов)

3:3 - 54:21 - Кротов (Сёмочкин, Захаров) ГБ

4:3 - 55:57 - Боровиков (Гренц, Пархоменко)

Қақпашылар: Ахметов (Шефер, 18:06-60:00) - Нурек

«Алматы» «Номадты» минималды есеп айырмашылығымен жеңіп, елордадағы «А» тобының көшін бастады. Оңңтүстікастаналық ұжымға Егор Кожевников пен Степан Штефанның дөп соққылары жеңіс әкелді. Голкипер Филипп Колесников өз есебіне 21 сейв жазды.

«Алматы» - «Номад» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 19:55 - Кожевников (Хоменко)

2:0 - 37:53 - Штефан (Милушкин, Басимов)

2:1 - 50:13 - Тетерин (Александров, Пелевин) ГБ

Қақпашылар: Колесников - Бояркин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.