Ақтөбе Кубоктегі екінші жеңісіне қол жеткізді, Ертіс пен Хумо буллитпен аяқтады, Торпедо Құлагерден басым түсті

23 tamyz
1325

Көкшетау мен Астанада хоккейден Қазақстан Кубогі жалғасуда.

Астанадағы ойын күнін батыстықтар бастады. Бірінші кезеңде «Бейбарыс» пен «Ақтөбе» Степан Александров пен Евгений Попитичтің арқасында бір-бір шайба алмасты. Ал келесі голды 36 минуттан астам уақыт бойы күтуге тура келді. Дмитрий Акишин сол жақ қапталдан жасаған соққысымен атыраулықтардың қақпашысы Дмитрий Зыкинді әбден састырды және кейін белгілі болғандай Евгений Штайгердің командасына турнирдегі екінші жеңісін сыйлады. Артём Микушин өз командасының жетістікке жетуіне тағы да елеулі үлес қосты. Голкипер қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.

Өткен ел чемпионатының қола жүлдегері «Бейбарыс» екі матчта екінші рет жеңіліске ұшырап, елордалық топта жайсыз жағдайда қалды.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 1:2 (1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 09:45 - Александров (Грачев, Ершов) ГБ

1:1 - 13:50 - Попитич (Беляев, Юдин) ГБ

1:2 - 50:51 - Акишин (Попитич)

Қақпашылар: Зыкин – Микушин

«В» тобының бағдарламасын «Ертіс» пен «Хумоның» жекпе-жегі ашты. Ташкенттіктер бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қарсы қақпаға 20 соққыны боратты. Алайда мұнысы ташкенттіктерге нәтиже бермеді. Павлодарлықтар қарсыластың бастапқы екпініне төтеп беріп, екінші кезеңнің ортасына қарай дуплетпен жауап берді. Артём Подшендялов пен Адам Евлоевтың дөп соққыларының арасын небәрі 46 секунд ажыратты.

Алайда «Хумо» оңайшылықпен көнбек емес. Илья Назаревич пен Егор Дорофеев ойынды овертаймға ауыстырды. Қосымша бес минут голсыз өтті. Ал буллиттер сериясында турнирдегі жеңіске ташкенттіктер хоккейшілер қол жеткізді.

«Ертіс» - «Хумо» 2:3 Б (0:0, 2:0, 0:2, 0:0, 0:1)

1:0 - 27:14 - Подшендялов (Васильев, Атаханов)

2:0 - 28:00 - Евлоев (Гриценко)

2:1 - 44:51 - Назаревич (Гловацкий, Кравченко) ГБ

2:2 - 55:18 – Дорофеев

2:3 – 65:00 – Гловацкий ПБ

Қақпашылар: Нечвиенко – Шаймарданов

«Торпедо» «Құлагермен» матчта әр кезеңде бір шайбадан салды және мұнан кейін өскемендіктер турнирдегі алғашқы матчтарына қиналмай жететіндей көрінді. Алайда петропавлдықтар соңына дейін берілмеді: үшінші кезеңнің соңына қарай екі рет артық құраммен гол салып, есеп айырмашылығын минимумға дейін қысқартты. Әйтсе де, сенсация болған жоқ. Ойынның шартты иелері өз дегенінде тұрды. Жеңіс шайбасының авторы – Артём Расулов. Ильгиз Нуриевтің ойыншылары турнирдегі екінші жеңілістеріне ұшырады.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:2 (1:0, 1:0, 1:2)

1:0 - 15:40 - Петросян (Олендаренко, Лагунов) ГБ

2:0 - 21:46 - Гасников (Алдабергенов, Тунхузин)

3:0 - 55:38 - Расулов (Злобин, Данияр) ГБ

3:1 - 57:20 - Закарлюкин (Лызин) ГБ

3:2 - 57:41 - Лызин (Закарлюкин, Калашников) ГБ

Қақпашылар: Янков - Селивёрстов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.