Хумо мен Номад Достық кубогінің финалдық раундына өте алмады

19 tamyz
1075

Бүгін Гроднода «ЕуроАзиялық Достық кубогі» халықаралық турнирінің алдын ала кезеңі аяқталады.

«Хумо» тартысты ойында «Соколға» жол берді. Матч бойы біресе бір команда, біресе екінші команда алға шығып отырды. Нәтижесінде красноярлық команда овертаймда жеңіске жетті.

«Сокол» - «Хумо» 5:4 ОТ (2:1, 0:1, 2:2, 1:0)

0:1 – 02:32 – Шиков (Козловский, Цыплаков)

1:1 – 06:13 – Морозов (Кожухов И.)

2:1 – 07:50 – Прокопенко (Мартынов) ГБ

2:2 – 33:01 – Чеботарев (Шиков, Цыплаков)

3:2 – 43:43 – Скворцов (Кожухов Ю., Кожухов И.)

3:3 – 29:54 – Сорокин (Болучевский, Синявский), ГБ

3:4 – 51:12 – Кравченко (Назаревич), ГБ

4:4 – 57:12 – Морозов (Скворцов, Кожухов И.)

5:4 – 63:47 – Кожухов Ю.

Қақпашылар: Пылаев – Литвинов

Евгений Попихин, «Хумоның» бас бапкері

– Қарсылас бүгін жастармен шықты, бізде де жас жігіттер жеткілікті. Ойын бойынша: қозғалыс жақсы, көптеген жақсы голдар салдық, артық құрам жұмыс жасады. Есеп бойынша алға шыққан кезде тәжірибе жетіспеді. Алайда оның барлығы уақыттың еншісінде, командамыз жас. Құлшыныстары бойынша өкпе жоқ: таласты да, тартысты да, жасқы хоккей көрсетті. Жігіттер біздің жүйені жақсы түсінеді – бұл өте жақсы. Табанды команда жасап шығарамыз.

«Номад» та турнирдің финалдық раундынан құр қалды. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары «Неманға» жол беріп, Гроднодағы кезеңнің қорытындысы бойынша төртінші орын алды.

«Неман» – «Номад» 4:2 (0:0, 3:1, 1:1)

0:1 – 20:43 – Бойко (Колесников)

1:1 – 25:16 – Цыбин (Хоромандо, Поддубный)

2:1 – 29:48 – Ремезов (Козячий)

3:1 – 33:38 – Карпович (Осипов, Левша)

3:2 – 41:36 – Саушкин (Касенов)

4:2 – 45:26 – Феклистов (Цыбин, Крыскин)

Қақпашылар: Поляков – Дубинскас 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.