Белорусьтің Гродно қаласында «ЕуроАзиялық Достық кубогі» халықаралық турнирі жалғасуда.
Бүгін турнир аясында Қазақстан чемпионатының екі өкілі – «Хумо» мен «Номадтың» текетіресі өтті. Кездесу овертаймда аяқталды. Ташкенттік ұжым өкілдері соңына дейін беріспей, басым түсті. «Хумо» құрамынан салынған шайбалардың авторлары – Павел Синявский мен Вадим Кравченко. Көшпенділерден Климентий Царёв көзге түсті.
«Хумо» - «Номад» 2:1 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 1:0)
0:1 – 45:08 – Царёв (Тетерин, Бойко)
1:1 – 53:37 – Синявский (Цыплаков, Гопиенко)
2:1 – 60:53 – Кравченко (Козловский)
Қақпашылар: Шаймарданов – Амирбеков
Ғалым Мәмбеталиев, «Номадтың» бас бапкері:
– Жігіттер тартысты, біз құрамды жасарттық, ойын маған ұнады, тек біршама сәттер бар. Соңына дейін берілмей ойнау қажет. Бар болғаны осы. Бізде ұтымды сәттер болды, алайда сала алмадық. Қайтеміз енді, сабақ аламыз. Сүрінбей үйренбейді. Өзіміз де осындай болғанбыз. Жігіттер барлығын түсінеді, әзірге ойындарында жеңілдік жоқ, екі реттік жаттығулар енді аяқталды. Оның үстіне, бұл турнирде бәрін жеңу деген мақсат қоймадық, біз чепионатқа дайындалып жатырмыз.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.