Номад пен Хумоның халықаралық Достық Кубогіндегі матчтары басталады

16 tamyz
1007

Бүгін белоруссиялық Гродно қаласында ЕуроАзиялық Достық кубогі халықаралық турнирінің біліктілік раундының алғашқы матчтары өтеді.

Еске сала кетейік, турнирге өткен маусымдағы ProHokeiLigasy финалистері «Номад» пен «Хумо» қатысады.

Қазақстанның қазіргі чемпионы бүгін красноярлық «Соколмен» ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 18:00-де басталады.

«Хумо» турнирдің ашылу матчында Кубок қожайындары гроднолық «Неманға» қарсы ойнайды. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Гроднодағы біліктілік раундында бірінші және екінші орынды иеленген командалар 2023 жылдың 23 және 24 желтоқсанында белоруссиялық Жлобинде өтетін төрттіктің финалына қатысу құқығын алады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.