Арланның маусымалды дайындық жоспары

4 shilde
901

«Арланның» баспасөз қызметі негізгі команданың жаңа маусымға дайындық жоспарын ұсынды.

Көкшетаулықтар демалыстан 5 шілдеде шығады. 26 және 31 шілде аралығына медициналық рәсімдер мен тест тапсыру жоспарланған.

1 және 22 тамыз аралығында «Арлан» Көкшетауда оқу-жаттығу жиындарының бірінші бөлігін өткізеді.

14 тамызға «Құлагермен» жолдастық матч жоспарланған. Ол «Бурабай» аренасында өтеді.

21 тамыз күні «көкшеліктер» Қазақстан Кубогі ойынына қатысып бастайды.

ОЖЖ-ның қорытынды бөлігі де Көкшетауда өтеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.