Номад Еуроазиялық Достық кубогінде ойнайды

29 maýsym
826

«Барыстың» баспасөз қызметі «Номадтың» Pro Hokei Ligasy-ның алдағы маусымына дайындық жоспарын жария етті.

Команда демалыстан 9 шілде күні шығады. Медициналық тексеруден өткеннен кейін «Номад» Астанадағы оқу-жаттығу жиындарының бірінші бөліміне кіріседі (12 шілде мен 15 тамыз аралығында).

16 және 19 тамыз аралығында «көшпенділер» Минскідегі «Еуроазиялық Достық кубогі» халықаралық турнирінде ойнайды.

Әрі қарай «Номад» 22 тамыз Астана мен Көкшетауда басталатын Қазақстан Кубогінде өнер көрсетеді. Матчтары елордада өтетін А тобында «Номад» «Бейбарыспен», «Ақтөбемен», «Құлагермен», «Алматы» және «Торпедомен» ойнайды.

Кубок аяқталғаннан кейін Ғалым Мәмбеталиевтің ойыншылары елордада чемпионат алдындағы ОЖЖ-ның қорытынды бөлігін өткізеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.