Құрлықтық кубок туралы не білеміз?

27 maýsym
678

2023 жылдың қарашасында елордалық «Номад» Құрлықтық кубок (бұдан әрі – ҚК) ойынына қатысып бастайды. Еуропаның ең беделді клубтық турнирлерінің біріндегі алдағы маусымның деректері мен көрсеткіштерін талдаймыз.

Бұл ҚК-ның 26-шы ойыны болмақ. 2009 жылдан бері ҚК Халықаралық хоккей федерациясының жетекшілігімен өтетін әлемдегі жалғыз клубтық турнир екенін айтып өткен жөн.

Алдағы маусымда турнирдің басты жүлдесі үшін 20 елден 20 команда таласып, жеті шағын турнирге қатысады.

Бірінші раунд кезеңінде Испания, Бельгия, Түркия, Болгария, Литва, Эстония, Исландия және Хорватия клубтары тартысады. Екі турнир 22 және 24 қыркүйек аралығында Хака (Испания) мен Каунаста (Литва) өтеді. Оның жеңімпаздары әрі қарай өтеді.

Екінші раунд аясындағы турнирлерді 13 және 15 қазан аралығында Елгава (Латвия) мен Белград (Сербия) қабылдайды. Алаң иелерінен бөлек, мұнда Словения, Румыния, Венгрия және Украина командалары өнер көрсетеді. Келесі айалымға тек мини-турнирлердің жеңімпаздары өтеді.

«Номад» Кубок жолындағы жорығын үшінші раундтан бастайды. Қазіргі Қазақстан чемпионы 17 және 19 қараша аралығында француздың Гренобль қаласында аттас командаға, ұлыбританиялық команда мен екінші раундты жеңген ұжымдардың біріне қарсы ойнайды. Басқа топ италиялық Кортина-д’Ампеццо қаласында ойнайды. Онда Польша, Дания және Италия клубтары жолығады. ҚК-ның бұған дейінгі кезеңдерінен өткен команда төртінші қатысушы атанады.

Үшінші раундтың әрбір тобындағы екі үздік команда қаңтардың басына жоспарланған финалдық турнирге қатысады. Финалдық раундты аталмыш турнир қатысушыларының бірі қабылдайды.

Құрлықтық кубоктің қазіргі жеңімпазы – словакиялық «Нитра». Айтып өтетін жайт, Словакия клубтары ҚК-ні бес рет жеңіп, бүгінгі таңда турнирдің рекордын орнатып отыр.

Қазақстаннан ҚК жеңімпазы атанған жалғыз команда – «Арлан». Көкшетаулықтар 2018/2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша тарихи нәтижеге қол жеткізді.

«Номад» ҚК-ге екінші рет қатысқалы отыр. 2017/2018 жылғы маусымда «көшпенділер» қорытынды турнирде екінші орынды иеленді.

Мұндай жетістікке атыраулық «Бейбарыс» (2016/2017) пен қарағандылық «Сарыарқа» (2021-2022) қол жеткізді. Сондай-ақ ҚК финалында 2007/2008 жылғы маусымда өскемендік «Қазцинк-Торпедо» ойнап, қорытынды үшінші орынды иеленді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.