Номадтың Құрлықтық кубок бойынша қарсыластары анықталды

25 maýsym
619

Братиславада Халықаралық хоккей федерациясының қолдауымен Құрлықтық кубок қатысушыларының жыл сайынғы кездесуі өтті.

Алдағы кезеңде 2022/2023 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанған елордалық «Номад» турнир қатысушысы болмақ. «Көшпенділер» Құрлықтық кубоктегі өз жолын үшінші раундтан бастайды. Турнир 17 және 19 қараша аралығында Францияның Гренобль қаласында өтеді. «Номадқа» қарсы британдық «Кардифф Девилз», турнир иелері «Гренобль», сондай-ақ Кубоктің ерте раундтарының қорытындысы бойынша осы төрттікке кірген ұжым ойнайды.

Финалдық раундқа шығу үшін Ғалым Мәмбеталиевтің ойыншылары өз командасының топ-2-лігіне кіруі тиіс. Құрлықтық кубоктің шешуші турнирі 2024 жылдың 12 және 14 қаңтары аралығында өтеді. Финалдық раундты аталмыш турнир қатысушыларының бірі қабылдайды.

Дереккөз - ИИХФ


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.