Parimatch-Pro Hokei Ligasy клубтарынан келіп жеткен трансферлік жаңалықтармен бөлісуді жалғастырамыз.
«Арлан» өз құрамында Иван Степаненконы (өткен маусымда 2+9) және шабуылшы Артём Лихотниковті (18+27) сақтап қалды.
«Көкшеліктердің» құрамына соңғы жылдардағы Pro Ligasy-ның ең нәтижелі қорғаушысы Эдгарс Сикснаның өтуін елеулі оқиға деуге болады. Қазақстан чемпионатындағы бүкіл мансап жолын Сиксна «Сарыарқада» өткізді. Өткен маусымда ол 41 (9+33) балл жинады.
Сондай-ақ көкшеліктердің жаңа ойыншысының қатарында қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс форвард Владимир Волков бар. Жергілікті чемпионаттан тыс «Арлан» құрамын Андрей Павленко (шабуылшы, бұрынғы командасы – минскілік «Юность») және Артём Аносов (шабуылшы, «Марсель») толықтырды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.