Номад – Қазақстан чемпионы

12 sáýir
1524

Ташкентте Parimatch-Pro Hokei Ligasy финалдық сериясының бесінші матчы өтті.

Кездесу алаң иелері үшін көңілсіз басталды. Екінші ауысымда-ақ «Номад» өзінің басты қаруы – қарсы щабуылды пайдаланып, Андрей Рунов 54-ші секундта есеп ашты. Үзіліске дейін «Хумоның» таблодағы есепті теңестіруге бар мүмкіндігі болды. Алайда қонақтарға қақпаның жақтауы болысты, ал ташкенттіктер әрі қарай қатарынан екі рет артық құрам ұйымдастыра алмады.

Келесі шайба қорытынды кезеңнің басында тіркелді. Максим Мухаметов пен Батырлан Мұратов бөтен қақпаның алдында жақсы тартысты, нәтижесінде Рунов шайбаны қарсы қақпаға дарытты. Әрі қарай елордалық ұжым қорғаныста сауатты ойнап, қарсыластың ойынға оралуына мүмкіндік бермеді. Матчтың және жалпы чемпионаттың нүктесін «Хумоның» бос қақпасына шайба салған Михаил Рахманов қойды.

«Номадтың» қақпашысы Андрей Шутов қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс беріп, плей-оффта төртінші рет құрғақ жеңіске жетті.

Осылайша, Ғалым Мәмбеталиевтің ойыншылары финалдық серияның төртінші жекпе-жегін жеңіп, Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның алтын медалін иеленді. «Номад» соңғы алты жылда алғаш рет чемпион атанып отыр.

«Хумо» - «Номад» 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

0:1 - 00:54 - Рунов (Данияр, Мухаметов)

0:2 - 43:40 - Рунов (Муратов, Мухаметов)

0:3 - 59:25 - Рахманов (Бойко) ПВ

Қақпашылар: Смирягин – Шутов

«Хумо» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-4 (3:2 ОТ1, 3:6, 1:2 ОТ3, 0:2, 0:3)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.