Номад Хумодан жеңісті жұлып әкетті

7 sáýir
1365

Астанада хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық сериясы жалғасуда.

Үшінші жекпе-жектің негізгі уақытында командалар тең түсті. Нәтижесінде командалар мұзда 100 минуттан астам уақыт өткізді. «Көшпенділерге» плей-оффтың үздік бомбардирі Батырлан Мұратов салған дөп соққы жеңіс әкелді. Ол кездесуге ойынның 106-шы минутында нүкте қойды. Ертең Астанада серияның төртінші матчы өтеді.

«Номад» - «Хумо» 2:1 ОТ3 (0:1, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 16:17 - Кравченко

1:1 - 22:02 - Бойко (Қайыржан)

2:1 - 105:59 - Мұратов (Данияр)

Қақпашылар: Шутов - Смирягин

«Хумо» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-2 (3:2 ОТ1, 3:6, 1:2 ОТ)

hr>

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.