Номад Хумоны өз алаңында жеңді

3 sáýir
1592

Ташкентте Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның финалдық сериясы жалғсын тапты.

Финалдың екінші текетіресі анағұрлым нәтижелі болды. Бастапқы кезеңнің қорытындысы бойынша алаң иелері алда келе жатты. Алайда әрі қарай «Номад» нәтижелі серпіліс жасап, қатарынан төрт шайба салды. Матчтың тағдырын да осы кезең шешті. Алаң иелері есеп айырмашылығын екі голға дейін азайтты, алайда ойын соңында бос қақпаға шайба өткізіп алды. «Көшпенділердің» капитаны Александр Пелевин дубль жасады. «Хумолық» Вадим Кравченко да екі дөп соққы жасады.

Командалар Қазақстан астанасына сериядағы тең есеппен ойысады. Финалдың кезекті кездесулері 7 және 8 сәуір күндері өтеді.

«Хумо» - «Номад» 3:6 (2:1, 0:2, 1:3)

0:1 - 12:02 - Нурлан (Макеев, Тетерин)

1:1 - 16:27 - Рехтин (Кириллов, Чеботарев)

2:1 - 17:39 - Кравченко (Игнатушкин, Дрягилев)

2:2 - 23:04 - Пелевин (Казаков, Колобов)

2:3 - 35:31 - Мухаметов (Муратов, Данияр) ГБ

2:4 - 40:59 - Пелевин (Колобов, Королёв) ГБ

2:5 - 45:36 - Данияр (Муратов, Рахманов)

3:5 - 49:32 - Кравченко (Кириллов, Чеботарев) ГБ

3:6 - 58:29 - Колобов (Казаков)

Қақпашылар: Смирягин (Шаймарданов, 40:59-60:00) - Шутов

«Хумо» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-1 (3:2 ОТ1, 3:6)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.