Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері анықталды

24 naýryz
1476

Назарларыңызға 2022/23 жылғы маусымдағы хоккейден Қазақстан чемпионатындағы орындардың бөлінісі туралы ресми ақпаратты ұсынамыз.

Чемпионат регламентіне сәйкес, жүлделі орындардың бөлінісі қазақстандық клубтар арасында ғана жүреді. Чемпионатқа қатысатын шетелдік клуб Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның өтпелі Кубогінің иегері атана алады, алайда қорытынды орындардың бөлінісіне ықпал ете алмайды.

Осылайша, чемпионаттың күміс жүлдегері – жартылай финалға шығып, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орын алған қарағандылық «Сарыарқа». Қола медальмен атыраулық «Бейбарыс» марапатталады (жартылай финалға шықты, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орын).

Финалдық серияда «Хумо» мен «Номад» өзара Parimatch-Pro Hokei Ligasy Кубогі үшін таласады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.