Хумо Қазақстан чемпионаты финалында ойнайды

21 naýryz
1644

Ташкентте «Хумо» мен «Бейбарыс» арасындағы ½ финалдық серияның бесінші матчы өтті.

Есеп матчтың ортасына қарай ашылды. Кезекті рет Роман Калмыковтың қақпасына кілт тапқан – Алексей Кириллов. Ол үзілісте өз статистикасын жақсартып, шайбаны жоғарғы бұрышқа бағыттады. Соңғы кезеңнің басында Денис Шураков атыраулықтарды екінші рет састырды. Үшінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда Артём Расулов тамаша матч өткізген Роман Смирягиннің қақпасын аша алды. Алайда әрі қарай нәтиже болған жоқ. Евгений Попихиннің ойыншылары сериядағы төртінші жекпе-жекте жеңіп, финалдық серияға жолдама алды. Шешуші матчтарда «Хумоның» қарсыласы елордалық «Номад» болмақ.

«Хумо» - «Бейбарыс» 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 31:18 - Кириллов (Журавлев, Валеев)

2:0 - 44:25 - Шураков (Сулимов, Фищенко)

2:1 - 59:55 - Расулов (Воробьев)

Қақпашылар: Смирягин - Калмыков

«Хумо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 4-1 (2:3 ОТ1, 3:1, 3:2 ОТ1, 3:2, 2:1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.