Сарыарқа чемпиондықтан айрылды

20 naýryz
1287

Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы жартылай финалдық серияның бесінші жекпе-жегі өтті.

Матчта қарағандылықтар есеп ашты. Антон Злобин жақсы дриблинг көрсетті, ұтымды жерден табылып, шайбаны қақпаға дарытты. Араға он минут салып Андрей Рунов та әдемі соққымен жауап берді.Үзіліске дейін «Номадтың» 52-ші нөмірлі ойыншысы артық құрам ұйымдастырып, дубль жасады. Екінші кезеңнің басында Эмиль Нұрғалиев алаң иелерін ереже бұзғаны үшін тағы да аямады. Осыдан кейін Альберт Коваль «Сарыарқа» қақпасында Артём Микушиннің орнын басты.

Екінші үзіліске аз уақыт қалғанда Егор Анисимов гол салып, Петерис Скудраның ойыншыларын ойынға оралтты. Ал үшінші кезеңге командалар таблодағы тең есеппен шықты – Злобин дубль жасады. Эдгарс Сиксна алаң иелерінің голдар шеруін жалғады. «Номад» ақтық ысқырыққа 74 секунд қалғанда құтылды, бір қызығы соңғы шайбаның тағдыры қызық болды. Максим Мухаметовтың борттан жеңіл салған шайбасы «Сарыарқаның» голкиперін абдыратты. Тартыс ойынның 68-ші минутында қызды. Михаил Рахманов берілген пасты тиімді пайдаланып, шайбаны жетер жеріне жеткізді. Осылайша, өз командасын финалға шығарды.

Осылайша, Қазақстан чемпионы соңғы екі жылдағы чемпиондық тағын босатты. «Номад» болса 2019 жылдан бері алғаш рет плей-оффтың шешуші сериясында ойнамақшы.

«Сарыарқа» - «Номад» 4:5 ОТ1 (1:2, 2:1, 1:1, 0:1)

1:0 - 02:40 - Злобин (Сиксна)

1:1 - 12:47 - Рунов (Макеев)

1:2 - 17:53 - Рунов (Нургалиев, Макеев) ГБ

1:3 - 24:28 - Нургалиев (Муратов) ГБ

2:3 - 34:57 - Анисимов (Фёдоров, Пархоменко) ГБ

3:3 - 37:39 - Злобин (Борисов, Ваулин)

4:3 - 45:06 - Сиксна (Дёмин, Исмагилов)

4:4 - 58:46 - Мухаметов (Нургалиев, Муратов)

4:5 - 67:29 - Рахманов (Муратов)

Қақпашылар: Микушин (Коваль, 24:28-67:29) - Шутов

«Сарыарқа» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-4 (2:4, 4:3 ОТ1, 2:7, 2:5, 4:5 ОТ1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.