Хумоның финалға өтуіне бір қадам қалды

17 naýryz
1220

Атырауда «Хумо» мен «Бейбарыс» арасындағы жартылай финалдық серияның төртінші матчы өтті.

Атыраулықтар сериядағы екінші үй матчын да жеңе алмады. Кездесудің негізгі жайттары бірінші жартысында орын алды, ойынның 27-ші минутынан кейін көрермен шайба көрмеді. «Хумо» үшін жеңіс голының авторы – екінші күні қатарынан Павел Синявский. Қонақтардың қақпашысы Роман Смирягин қақпаға бағытталған 34 соққыға тойтарыс берді.

Евгений Попихиннің ойыншылары серияны Өзбекстанға сериядағы өздері үшін жайлы есеппен қайтарды. Келесі жеңіс ташкенттіктерді финалға шығарады.

«Бейбарыс» - «Хумо» 2:3 (2:2, 0:1, 0:0)

0:1 - 03:30 - Рехтин (Сулимов, Дорофеев)

1:1 - 15:38 - Михайлов (Ершов, Расулов) ГБ

1:2 - 17:27 - Шингареев (Дорофеев, Рехтин)

2:2 - 18:47 - Маркелов (Колесников, Волгин)

2:3 - 26:39 - Синявский (Фищенко, Шураков)

Қақпашылар: Калмыков - Смирягин

«Хумо» - «Бейбарыс» сериясындағы есеп: 3-1 (2:3 ОТ1, 3:1, 3:2 ОТ1, 3:2)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.