Номад Сарыарқамен серияда тағы да алға шықты

15 naýryz
916

Астанада «Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы ширекфиналдық серияның үшінші жекпе-жегі өтті.

Кездесу алаң иелерінің екпінді ойынымен басталды. Оныншы минутқа қарағанда Олег Бойко дубль жасап үлгерді. Әрі қарай «Сарыарқа» бастаманы өз қолына алып, қарсы қақпаның алдында қызықты сәттер туғыза бастады. Алайда қарағандылықтар артық құраммен шабуылға баса мән беріп, нәтижелі қарсы шабуылды өткізіп алды. Оның авторы – Кирилл Казаков. Дегенмен үзіліске дейін «көшпенділердің» қақпасына бір шайба дарыды. Антон Злобин көзге түсті.

Екінші кезеңде Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары шайба мен кеңістікті қарсыластарына беріп, өздері қарсы шабуылға шықты. Никита Колобов пен Максим Мухаметов қарсыластың қақпашымен «бірге бір» қалып шайба салып, нәтижесінде «Сарыарқаның» бапкерлер штабы қақпашысын ауыстыруға мәжбүр болды. Ойынға Альберт Коваль кірісті, алайда ол да ұзақ уақытқа қақпасын қорғай алмады. Алтыншы шайбаның авторы – Михаил Рахманов.

Соңғы кезеңде Эрик Алдабергенов бір гол салып, қонақтардың күйінішін сәл сейілткендей болды. Ойынның нүктесін елордалық ұжым қойды – Батырлан Мұратов артық құрам ұйымдастырды. Андрей Шутов 52 соққыға тойтарыс беріп, кездесудің басты ойыншыларының бірі атанды. Ертең Астанада серияның төртінші матчы өтеді.

«Номад» - «Сарыарқа» 7:2 (3:1, 3:0, 1:1)

1:0 - 03:46 - Бойко (Шайхмедденов)

2:0 - 09:23 - Бойко (Диханбек) ГБ

3:0 - 15:59 - Казаков (Нургалиев) ГМ

3:1 - 18:36 - Злобин (Сиксна)

4:1 - 31:27 - Колобов (Данияр, Тетерин)

5:1 - 32:08 - Мухаметов (Рунов, Муратов)

6:1 - 33:57 – Рахманов

6:2 - 54:46 - Алдабергенов (Злобин, Анисимов)

7:2 - 58:58 - Муратов (Мухаметов) ГБ

Қақпашылар: Шутов – Каратаев (Коваль, 32:08-60:00)

«Сарыарқа» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-2 (2:4, 4:3 ОТ1, 2:7)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.